Разработка урока по казахской литературе на тему: "М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі" (6 класс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өлеңнің идеясы мен мазмұны ашылады. Туған тілдің                                                         баға жетпес мұра екендігі ұғындырылады. Оқушыларды адамгершілікке,адалдыққа, елін,жерін,тілін,  Отанын сүйе білетін азамат болуға тәрбиеленеді. Жан-жақты болуға,ойын еркін айтуға ,тіл байлығын арттыруға ,шығармашылық ізденісін дамытуға, мәнерлеп оқу дағдысын үйренуге бағыт - бағдар   беріледі.

 

"Тұлғаны таны" (Мағжанның портреті көрсетіледі)
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Сатылай кешенді талдау: "Қазақ тілі" өлеңі
Авторы: Мағжан Жұмабаев
1893 ж. 25 маусымда Солтүстік Қазақстан обл. Сасыққөл жағасында туған.
Кемеңгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері
1938 ж. наурыз айында жазалау құрбаны болды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 255 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 170

Похожие материалы