Разработка урока по теме: «Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі».

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтердің

Д.И.Менделеев жасаған периодтық

жүйесі».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды химиялық элементтердің Д.И Менделеев жасаған периодтық жүйесімен таныстыру, периодтық жүйені пайдалануға үйрету, маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: ойындар арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу және оқушылардың білім алуға ынтасын арттырып, оларды дербестікке және табандалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Ойын түрінде.

Сабақта қолданылған құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, «Сарыарқа» әні, қоржын, дидактикалық үлестірмелер, Д.И Менделеев жасаған периодтық жүйе.

Сабақтың ұраны: «... Периодтық заң болашақта күйремейді, тек үстемеленіп дами түседі» (Д.И Менделеев)

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Үй тапсырмасын тексеру : «Миға шабуыл»

Бұрын өткен тақырыптарды пайдаланып, алдын-ала берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямын:

1.Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?

2.Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.

3.Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

4.Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

5.ІІІ топ элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?

6.Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?

7.Металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?

8.Бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?

9.Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?

10.Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?

11.Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің формулаларын жазыңдар.

III.Негізгі бөлім.

Алдымен Д.И.Менделеевтің периодтық заңды ашуы туралы, периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі

Белгілері

Периодтар

кіші

үлкен

Период нөмірлері

1,2,3

4,5,6,7

Элемент саны

2 және 8

18 және 32

Қатар саны

бір

екі

Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады.

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.

Период бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері

Металдық қасиеті тез кемиді

Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)

Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.

Жоғары оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.

Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.

Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады. Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.

Қасиеттер

Өзгерістер бағыты

Негізгі топшада

Периодтарда

Металдық

өседі ↓

өседі ←

Бейметалдық

өседі ↑

өседі →

Оттек бойынша валенттігі

тұрақты,топ нөміріне сәйкес

1-ден 7-ге дейін өседі

Сутек бойынша валенттігі

тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең

4-тен 1-ге дейін кемиді

Ядро заряды

өседі ↓

өседі →

Салыстырмалы атомдық массасы

өседі ↓

өседі →

IV.Бекіту

«Миға шабуыл» арқылы пысықтау.

1.Д.И Менделеевтің периодтық жүйесінде неше период бар?

2. Неше топ?

3. Топтар қандай топшаларға бөлінеді?

4. Периодтардың бөлінуі.

5. Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады?

Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.

6.Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.

Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топ бір ауыл болып саналады.

1 топ «Әйтеке би» ауылы

2 топ «Жамбыл» ауылы

(Мұғалім қазылар алқасымен таныстырады)

1. «Алтын сақа» ойыны.

Ойынның шарты: жиырма асыққа элементтердің таңбасы жазған. Асықтар қоржынға салынған.

а) Екі ауылдан екі оқушы шығып металл, бейметалл, амфотерлі элементтердің таңбасын ажыратып беру керек. Кім жылдам?

б) Арнайы қағазға рим цифрімен жазылған веленттіліктердің үстіне сәйкес элемент таңбасы жазылған асықты қою.

2. «Арқан тартыспақ» ойыны

Екі ауылға сұрақ беріледі. Кім күшті?

а) элементтердің реттік номірі өскен сайын периодтағы бейметалдардың бейметалдық қасиеттері .....(күшейеді)

б) Қышқылдармен де, негіздермен де су және тұз түзе әрекеттесетін оксидтер .... деп аталады. (амфотерлі)

3. «Айтыс» (Сарыарқа» әні ойналады)

- «Тойдың сәні ән мен жыр» дегендей, әнге жол беріледі. (Химиялық элементтер айтысы)

Алдын- ала оқушыларға үйге тапсырма беріледі: элементтер туралы мәлімет жинап келуге.

«Әйтеке би» ауылы

-Мен – күкіртпін. Менің дезинфекциялық қасиетім бар екенін халық ертеде білген. Мені жын- шайтаннан аластауға қолданған.

-Мен –күміспін. Алтын, сен үшін қан төгілген, саған таласып соғыс болған.Менің де қасиетім сенен кем түспейді. Менен де әшекей бұйымдар, теңгелер жасалған.

-Мен қорғасынмын, «қойдың сүті- қорғасын, қойды соққан оңбасын»- деп мені мәтелге қосқан. Қорыққан адамға менен қорытқы құйған, оқ-дәрі жасаған.

«Жамбыл ауылы»

-Мен алтынмын. Күкірт, сенің нашар жақтарың да бар. Құмсары экологиясын бұзып отырған сенің қосылысың- күкірт сутегі. Ал мені халық жақсы көреді. Меннен әшекей бұйымдар жасайды.

-Мен- темірмін. Меннен балға, орақ, айыр, қару-жарақ жасаған. Мектеп мұражайында тұрған құман табақ менің құймам жезден жасалынған.

-(Өлең оқылған соң химияға байланысты ұғымдарды табу керек)

4.«Алтын қабақ». Оқушыларға қысқа мерзімдік тест беріледі.

Ойынның шарты: Ілулі заттарды атып түсіру. Оқушылар нүктенің орнына сан әлде сөз жазу керек. Дұрыс жауап бермесе –ілулі зат атылып түспеген болып саналады.

1 топ:

1. Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (зат)

2. Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер қалай аталады: (қасиеттері)

3. Ar =(16) – (оттегі)

4. N белгіленеді – (азот)

5. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (біртекті)

6. Шынының балқу қай құбылысқа жатады? (физикалық)

7. Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшек- (атом)

8. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – (моль).

9. Алтын латынша – (аурум)

10. Коэффициент білдіреді (молекула санын)

2 топ:

1. Мыстың латыншасы –( купрум)

2. F белгіленеді – (фтор).

3 Мырыш –(цинк)

4 Аш таңбасы – (сутегі)

5 Күміс –(аргентум).

6. Индекс білдіреді – (атом санын).

7. Ar = (14) – (азот).

8. Атом – молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы – (Ломоносов)

9. Мольдік массаның өлшем бірлігі – (г/моль)

10. Силициум – (кремний).

5. «Жұмбақтас». «Шапқан озар,жатқан қалар»

Әр топқа жұмбақ жасырылып, қай элемент туралы айтылып тұрғаны сұралады.

1 топқа: Қандай элемент жеңіл, күмістей ақ жылтыр, ұшақтар жасауда кең қолданылады? (алюминий)

2 топқа: Сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш өткір иісті, улы газ. Ауадан 2,5 есе ауыр. Бұл қай элемент? (хлор)

Содан кейін әр топ мүшелері табылған элементтер бойынша кезекпен тақтаға шығып тапсырмалар орындайды:

1.Берілген элементтің атом құрылысын жаз.

2.Берілген элементтің жоғарғы оқсидінің формуласын жазу.

3.Оның салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

4.Оксидтегі әр элементтің массалық үлесін табу.

6.Есеп шығару:

1 топқа: 67,2 моль азоттың массасын тап.

2 топқа: 67,5 г алюминийде қанша атом бар?

7. Топ басшылары сайысы.

«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»

Алдымен топ басшылары бір –біріне сұрақ қояды. Одан кейін топ

басшыларына мүғалім қояды.

1.Период дегеніміз не?

2.Периодтық заң қалай тұжырымдалады. Және қашан тұжырымдалды? (Салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты тәуелділікте болады. 1869ж.Д.И Менделеев)

3.Атом қандай бөлшектерден тұрады? Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді?

4.Изотоп дегеніміз не?

5.Белгісіз элементтің 15 электроны бар. Қай элемент екенін тап.

6.«Валенттік электрондар» деген не?

7.Элемент топтары қандай топшаларға бөлінеді?

8.Реттік нөмірі 7,12,17,23,30,25,41 элементтер қай периодта, топта, қатарда орналасқан?

V. Келесі кезекте – сөз қазылар алқасына беріледі.

Оқушыларды бағалау, марапаттау.

VI. Үй тапсырмасын беру.

VII.Атадан қалған асыл мұра- бата. (Сабаққа қатысуға шақырылған ата-ана бата береді).

Батаға сөз кезегі.

Ал, балалар, қарағым! Қолдарыңды жая ғой,

Ақ батамды ала ғой:Жаратқан Алла сендерге

Тотының сәнін берсін, Бұлбұлдың әнін берсін,

Бүркіттің қырағылығын берсін, Сұңқардың әдемілігін берсін,

Аққудың махаббаты мен іңкәрлігін берсін,

Әр ісіңде қарлығаштай жылдам бол,

Барлық құстардың еңбекқорлығын берсін.

Ақылды ұл-қыз болып өсіңдер, Әумин.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 79.5 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 252

Похожие материалы