Разработка уроков на тему Химия елінде
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жанелова Алтынай Елемескызы
|
Сабақтың тақырыбы: Химия елінде
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың алған білімдеріншыңдау,металдардың физикалық қасиетін,табиғатта таралуын есте сақтау, химиялық қасиетін анықтай білуге үйрету
Жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін
дамыту
Сабақтың жоспары:
1.Оқушылардың таныстыруы
2. «Кім жылдам» ойыны
3.Бәйге
4.Есептер сыры
5.Полиглот
6.Жарнамалық үзіліс
7.Капитандар жарысы
Сабақтың барысы:
1.Әр топ өзін таныстырып, эмблемасын қорғады
2.Әр топқа сұрақтар берілді
І топ: Үш әріптен тұратын үш элементті ата?
ІІ топ: Төрт әріптен тұратын төрт элементті ата?
ІІІ топ: Бес әріптен тұратын бес элементті ата?
3. І топ:
1. Қандай қышқылды барлық қышқылдардың анасы дейді?
(күкірт қышқылы)
2. Денесінде қышқыл бар жәндік?
(құмырсқа)
3. Қандай химиялық элементтің атауы оның табиғаттағы рөліне сәйкес келмейді?
( Азот - грек тілінен аударғанда «өмірді құптамаймын» )
4. Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен тісжегі ауруы (кариес) пайда болады?
(фтор)
5. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент?
(мырыш)
6. Сүйекті қаптайтын элемент?
(кальций)
7. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы?
(ас тұзы)
8. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл?
(тұз қышқылы)
9. Ас содасының формуласы
(NaHCO3 натрий гидрокарбонаты
ІІ топ:
1. Жарықтың әсерінен ыдырайтын қышқыл
( Азот қышқылы)
2. Ең қатты металл
(Хром)
3. Құмның негізгі бөлігі неден тұрады?
(Кремнезем немесе кремний оксиді)
4. Судан қорқатындар немесе ерімейтіндер
(Гидрофобтылар)
5. Ең жеңіл металл
(литий, сілтілік металдар)
6. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады
(фтор, F)
7. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар
(тұз қышқылы, HCL)
8. Ең қиын балқитын металл
(вольфрам)
9. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат
(ас тұзы, NaCl)
ІІІ топ:
1. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді
(Күкірт, S)
2. Өнеркәсіптің негізгі металы
(темір)
3. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл
(сүт қышқылы)
4. Сұйық металл
(Сынап, Hg)
5. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі
(электролит. диссоциациялану).
6. Нажағайлы жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін газ
(озон)
7. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат
(су)
8. Атомның бір түрі
(химиялық элемент)
9. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер
( амфотерлі)
4.Есептер сыры
І топ:
Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз.
Al→ Al2O3 → Al(OH) 3→ Al2O3 → AlCl3 → Al(NO3) 3
ІІ топ:
Металл алюминийдің құрамында 1, 5 моль натрий гидроксиді бар, сілті ерітіндісімен әсер еткенде сутектің қандай көлемі (қ. ж) бөлінетінін есептеңдер.
ІІІ топ:
Реакция теңдеуін аяқта, типін анықта:
Mg + Br2 =...
Al2O3 + НCl =...
Cu+ Н2SO4 =...
BaCl2 + Н2SO4 =...
5.Қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын және таңбасын жазу) (Ынатл, ектто, мсіүк, сым, йалқаы, туекс,сынорқға, ремті, аынсп, екөрітмк)
6. Жарнамалық үзіліс әр топ өзінің жарнамасын көрсетеді
7. Капитандар жарысы
«Жұмбақ әңгіме»
Атақты грек қолбасшысы А.Македонскийдің көптен бергі арманы Орта Азияны жаулап алып, Үндістанды құлдыққа салу болатын.Сол б.д.д. 326 жылдың көктемінде Орта Азияны жаулап алып, үлкен той жасады.Содан әрі Үндістанға беттеді. Бірақ оның әскері жолда екі бірдей кедергіге тап болды.Оның бірі - әділеттілікті сүйгіш халықтардың тосқауылы болса, екіншісі- адамдардың іш сүзегі ауруына ұшырауы болды.
Жағдайларының бірдейлігіне қарамай, іш сүзегі ауруымен әскери қолбасшыларға қарағанда солдаттар көп ауырды.Тіпті әскери басшылар бұл аурумен ауырмады. Бұл құбылыс сол кезде А.Македонскийдің өзін де таң қалдырды.Бірақ мұнда үлкен сыр бар екен.Бұл құпия құбылыстың сыры А.Македонскийден 2250 ж кейін белгілі болды.Ал, сіздің ойыңызша осының құпиясы неде?
Топтарды марапаттау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 37.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |