Разработки уроков по казахскому языку за 5 класс

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру курсы (3 базалық деңгей) өткеннен кейін, 5 сыныпта  өткізілген  қазақ тілінен  ашық сабақтар Сабақ жоспарларының  авторы: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы   Түсінік хат    Біз заман талабына сай білім берудің халықаралық деңгейіне құлашымызды кең жайып, ұлттық  ой-танымымызды білгірлікпен дамытып, сарабдал өз жолымызды таңдап, білім беру саласындағы инновациялар арқылы білім беруді жетілдіріп келеміз.Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға, адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қанағаттандыру, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру  –  білім берудің басты мақсаты.     Қазіргі білім беру мазмұнындағы  өзгерістердің мәніне үңілсек, дәстүрлі технология мен жаңа технологияның айырмашылығы: дәстүрлі технологияда басты тұлға — мұғалім. Яғни, «мұғалім-оқулық-оқушы» әрекеті  іске асса, қазіргі технологияда «оқушы-оқулық-мұғалім» әрекеті қалыптасуда. Репродуктивті білімнен конструктивті білімге көшудің  ұтымдылығы күн санап артуда. Ал, оқушыны бағалауда да басты құндылық бағада емес, балада екенін ұғыну мұратымыз.   Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. 5 сыныпта  өткізілген  қазақ тілінен  ашық сабақтардың топтаманың тақырыптары және түйінді идеялары: 1-ші сабақ «Біздің Отанымыз. Тәуелдік жалғау». Түйінді идеялары:  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, «Айналмалы шеңбер» ойыны, рөлдік ойын, өзін-өзі бағалау. 2-ші сабақ- «Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек?». Түйінді идеялары:  топпен жұмыс істеу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік қатынас жасау дағдылары дамиды. Оқушыларды бағалау процесіне қатыстыру арқылы кері байланыс орнатылады, оқуға деген ынталары артады. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, сөзжұмбақ, кластер, бірін-бірі бағалау.  3- ші сабақ «Қазақстан қалалары». Түйінді идеялары:  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың топпен жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен жұмыс істей білу, іздене білу дағдылары артады. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың бірлескен жұмысы қосымша мүмкіндіктер туғызады (жоғары деңгейлі оқушылар төмен деңгейлі оқушыларды үйрету арқылы, төмен деңгейлі оқушылар жоғары деңгейлі оқушыдан үйрену арқылы дамиды). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, оқыту мен оқуда АКТ қолдану, оқыту үшін бағалауды пайдалану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оятады, ынтасын арттырады. Өзін-өзі реттеу талантты оқушыларға жол ашады. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «СИНКВЕЙН» әдісі, «Білемін, білгім келеді,  білдім» әдісі, өзіндік жұмыс, АКТ пайдалану. 4- ші сабақ «Нәтиже сабақ».  Түйінді идеялары:  жұппен жұмыс істеу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, әңгіме, диалог, қарапайым және күрделі сұрақтар), өзін-өзі реттеу, оқытудағы басқару және көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік қатынас жасау дағдылары, алған білімдерін пайдаланып тұжырым жасау, өзекті мәселені өз бетімен шешу, өз пікірін мүлтіксіз білдіріп, ортақ келісімге келу дағдылары дамиды. Талантты және дарынды балалармен жұмыс (қосымша ғылыми деректерге сүйену, ізденіс) оқушылардың білім, білік, дағдыларының артуын көздейді.Оқушылардың орындаған жұмыстарына жазбаша түсініктеме беру кері байланыс орнатады. Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны тексеру сабағы. Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс, «балық сүйегін» толтыру, әңгімелесу, суретпен  жұмыс. Оқыту нәтижелері: • Ойын жүйелі жинақтауға үйренеді. • Тосын сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады. • Өзара пікірлесіп, ортақ шешімге келеді. • Сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл арқылы шығармашылыққа тәрбиеленеді. • Бірін - бірі бағалауға дағдыланады. Негізгі идеялар:  Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, Бойға қуат бітіреді.      
Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 74.64 Kb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 155

Похожие материалы