РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ
Предмет:
Технология
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Кабдуахитова Назым Сайлауовна
Здесь была ссылка на работу РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ автора Кабдуахитова Назым Сайлауовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Өскемен қаласы әкімдігінің «№26 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау - И.О.Загашев пен Сергей Заир - Бектің анықтамасы бойынша - «бағалау, рефлексивті ойлау», ол үшін білім соңғы емес - бастапқы нүкте, жеке тәжірибе мен нақты деректерге негізделген дәлелді және қисынды ойлау. Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауды қолдану оқытушыдан жұмыс стилі мен еңбекті ұйымдастыруды, педагогикалық қызметтің жаңа дағдыларын қамтуды талап етеді. Бұндай сабақтарды өткізудің мақсатты бағдарлауы: • оқушылардың саралай, сыни және шығармашыл ойлауын қылаптастыру мен дамытуға; • жобалай және сыни ойлауына; • барлық оқушыларды ұжымдық жұмыс тәртібінеенгізуге; • әр түрлі ақпарат көздерінен өз беттерімен білімдерін толықтыруға; • осы білімдерін жаңа танымдық және тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса: • өзіндік қызмет , сонымен қатар зерттеу және шығармашылық тәжірибесі; • ақпаратты іздеу, сараптау, бағалау, жіктеу және өңдеумен байланысты ақпараттық игерім; • коммуникативті игерім, басқа адамдармен қарым қатынас, пікірталастар жүргізу, өз көзқарасын дәлелдеу т.б.; • ұйымдастырушылық және жобалау игерімі (мақсат қою, оның кезеңдерін жоспарлау, нәтижелерін болжамдау) артады.