Здесь была ссылка на работу »Құрметтейік кітапты» автора Мамышева Жанат Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Құрметтейік кітапты! Тақырыбы: Құрметтейік кітапты! Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға кітаптың ерекше қасиеті туралы айта отырып, кітаптың сарқылмас рухани қазына екендігін ұғындыру, бар білімнің қайнар көзі осы кітаптан алынатынын, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Тәрбиелік: Оқулықтары мен басқа да толып жатқан кітаптарды, журналдар - ды күтіп ұстап, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру; Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелеу, түсіндірмелі Көрнекілігі: Кітап туралы қанатты сөздер, «Кітап» көрмесі, қақпа, кітап атрибуттары, Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Кіріспе Біз бүгін балалар, осы жерге белгілі бір себеппен жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін жолымызға кедергі болып тұрған мына қақпаның есігін өз біліміміз арқылы ашуымыз керек. Ол үшін мына беріліп тұрған екі тапсырманы орындауымыз қажет. 1 - тапсырма Ұсынған қойнынан, Білімнің үлесін. Шықпайды ойыңнан, Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап) 2 - тапсырма Қабат - қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. (Кітап) Мұғалім: - Балалар, сонда біздің өткелі отырған тақырыбымыз не туралы екен? - Кітап туралы екен. ІІІ Негізгі бөлім Мұғалім: Тәрбие сағатының тақырыбы «Құрметтейік кітапты«деп аталады. Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатымыз қаншама білім нәрін беріп, білім, білігімізді жетілдіріп отырған кітаптарымызға ұқыптылықпен қарап, күтіп ұстау, құрметтей білуге үйрету, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қыз