Өрт - тілсіз жау.
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
Здесь была ссылка на работу Өрт - тілсіз жау. автора Имаканова Рабига Сарсенбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имаканова Рабига Сарсенбековна. 2014 оқу жылы Сынып сағаты.(1-сынып) Тақырыбы: «Өрт – тілсіз жау» Мақсаты: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Сұрақ-жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сабақ барысы: (Балаларды шаттық шеңберге шақыру.) 1. – Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қане шеңбер жасап тұра қалып қоршаған ортамен амандасып жіберейік. –Армысыз, қайырлы күн! -Армысыз, қайырымды Аспан ата! - Армысыз, мейірімді жер-ана! -Армысыз, шұғылалы Алтын-күн! -Қуанайық, шаттанайық бәріміз! -Күліп шықты күн бүгін! -Бәріміз күндей жарқырайық! -Бәтіміз тату болайық! -Бәріміз дос болайық! Балаларды орындарына отырғызу. 2. Өрт сөндірушілер туралы суреттерді көрсету, әңгімелеу. Балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік. От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. 3. Шырпы, майшам, газ. (суреттермен жұмыс) Мұғалім: Осы суреттерді көре отырып, сіздерге қандай ой келді? - Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды,газды т.б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады. Тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану, ережесімен таныстыру Газ – плитасын пайдалану Ас үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін. Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек. 4. Жұмбақ шешу: 1. Қандай аң ең қауіпті, көгілдір-қызыл түсті? 2.Қара сиырым жалап тұр, Қызыл сиырым қарап тұр. 1. Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау 2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу Өрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақта Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б. - Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді. - Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді. 4. Өрт қауіпсіздігі бойынша тест (оқушыларға таратып беру) 1. Өрт шығып жатқанын көрсең қандай іс-әрекет жасайсың? а) «101» нөміріне қоңырау соғамын б) Көмекке шақырамын в)Ешкімге айтпай, қашып кетемін 2. Егер бөлменін іші ащы түтін болса ? а) Есікті жаппай, терезені ашамын б) Шығып кетемін в) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын 3. Электр сымы өртенсе ше? а) Су құямын б) Үлкендерді көмекке шақырамын 4. Үстіңдегі киім өртенсе ше? а) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін в) Көрпеге оранамын 5. Егер, тамақ әзірлеген уақытта табадағы май жанса? а) Суланған орамалды жабамын б) Су құямын в) Табаны далаға шығаруға тырысамын 6. Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсаң не істейсің ,телефон жоқ? а) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін в) Көмекке шақырамын 7. Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек? а) Бағдарламаны көремін б) Үлкендерді көмекке шақырамын в) Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге хабарлаймын 5. Қорытындылау Оқушыларға «Өрт – тілсіз жау» тақырыбына сурет салдыру.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
2.7 Mb
|
Количество скачиваний:
|
64
|
Просмотров: 222
Похожие материалы