Іс-шара "Қыз -өмір қызғалдағы" атты қыз сыны сайысы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Тайшыкова Айнагуль Омиралиновна
|
Тақырыбы: «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сыйлықтар, мақтау қағаздары.
Барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ағылшын тілі үйірмесінің тәрбиеленушілер арасында өтетін «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші:
Пір тұтқан махабатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
2- жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз Сапақбай Жаная
№ 2 аруымыз Жақсылық Жұлдыз
№3 аруымыз Өмірбек Аружан
№4 аруымыз Буленова Аружан
№5 аруымыз Қабденова Диана
2 – жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымызды бастайық.
Аруларымызды сахна төрінен шығарып салайық.
ау болыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.73 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |