Құс шаруашылығы атты ашық сабақ жоспары

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Құс өсіру, құс шаруашылығы — мал шаруашылығының құс өсірумен айналысатын саласы. Негізгі өнімі — етжәне жұмыртқа, қосалқы өнімі — мамық пен қауырсын. Құс сойылғаннан кейінгі сүйек қалдықтары мен жұмыртқа қатты қабығы өндірісте жемдік ұн ретінде, саңғырығы — бағалы органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Жұмыртқа алу бағытында құстың жұмыртқалағыш тұқымы өсіріледі, ет алу бағытында құстың етті мол беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тұқымдары өсіріледі.

Құс Өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 — 19 ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола,Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. 2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 26,3 млн тауық өсірілді, оның 10,3 млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,3 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда шығарылады, оған 7 — 8 айлық мекиен тауықтардан бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады. Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар пайдаланылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 73.5 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 178

Похожие материалы