Сағат. Минут. (2 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Сыздыкова Кадиша Сагындыковна
|
Сабақтың тақырыбы: Сағат.Минут.
Сабақтың мақсаты:
· Уақыттың жаңа бірлігі сағат, минут,секунд туралы жаңа мағлұмат беру.
· Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтау.
· Уақытты сағат бойынша анықтау.
Сабақтың дамытушылығы: ауызша есептеу біліктілігін дамыту, танымдық қабілетін, ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілетін, шапшаң есептеу қабілетін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға, тәрбиелеу, таза әдемі жазуға үйрету.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, жеке.
Сабақ көрнекілігі: сағат, сөзжұмбақ, маршруттық парақ, карточкалар, оқулық, интерактивті тақта, бағалау парағы.
І.Мотивациялық кезең:
Сәлемдесу.
Амансың ба күн?!
Амансыз ба мұғалім?!
Амансың ба достарым?!
Амансыз ба қонақтар?!
Түс таңдау бойынша топқа бөлу.
І – топ. – Уақыт (сары түсті)
ІІ – топ. – Сағат (көк түсті)
ІІІ – топ. – Минут (қызыл түсті)
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығу.
Сабақтың маршруты:
«Математика» орталығы «Шығармашылық» орталығы
«Ой толғау» орталығы
ІІ. Операциялық кезең:
І. «МАТЕМАТИКА» ОРТАЛЫҒЫ
1. «Жаңалық» Есіңе сақта
60 мин = 1 сағ
2. Оқулықтағы 80 беттегі 4 тапсырманы орындау.
3. Салыстыр
І топ.
60 мин * 1 сағ
24 сағ * 2 тәулік
ІІ топ.
1 ғасыр * 90 жыл
100 жыл * 1 ғасыр
ІІІ топ.
1 сағ 30 мин * 3 сағ
1 сағ 20 мин * 2 сағ
ІІ. «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ
1. Презентацияларын қорғау. «Уақыт бірліктері. Сағат түрлері.»
Сергіту кезеңі
Сағаттың тілімен,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тілімен,
Иіліп солға бір.
Он аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
ІІІ. «ОЙ ТОЛҒАУ» ОРТАЛЫҒЫ
1. Кім жүйрік?
Тақырыпқа қатысты сұрақ – жауап алу.
І топ.
Біз 21 ғасырда өмір сүреміз.
Наурыз мейрамы қай күні? 22 наурыз
Ұшақ 3 сағат ұшты.
ІІ топ.
Жеңіс күні қай күні? 9 мамыр
Пойыз 48 сағат жолда болды.
Үзлісте 10 минут демалдық.
ІІІ топ.
Жаңа жыл қай айдан басталады? Қаңтар
Тікұшақ 2 сағат ұшты.
Сабақтың ұзақтығы 45 минут.
2. «Сен білесің бе?» тапсырмасы бойынша құстардың өмір сүру ұзақтығын анықтау:
І – топ:
Үкі 68 жыл өмір сүреді. Ал аққу одан 44 жыл кем өмір сүреді. Аққу неше жыл өмір сүреді?
Үкі – 68 жыл
Аққу - ? 44 жыл
Аққу - ?
ІІ- топ:
Бүркіт 46 жыл өмір сүреді. Жапалақ бүркіттен 31 жыл кем өмір сүреді. Ал қарға жапалақтан 44 жыл артық өмір сүреді. Қарға неше жыл өмір сүреді?
Бүркіт – 46 жыл
Жапалақ - ?- 31 жыл
Қарға – 44 жыл
Қарға - ?
ІІІ – топ:
Үйрек 38 жыл өмір сүреді. Ал дуадақ одан 14 жыл артық өмір сүреді.
Дуадақ неше жыл өмір сүреді?
Үйрек – 38 жыл
Дуадақ - ? 14 жыл >
Дуадақ - ?
3.Ассоциация
Уақытқа байланысты ассоциация құру.
Артық сөздер: қалам,су,дәптер, қағаз, доп, өзен, көше, бұлт, аспан, үй, ағаш, мектеп, дос, кітап, қар.
ІІІ. Қорытынды.Рефлексия.
«ИӘ , ЖОҚ» ойыны
1. 1 сағатта 60 минут бар иә
2. 1 жылда 11 ай бар жоқ
3. 1 айда 4 апта бар иә
4. 1 минутта 2 сағат бар жоқ
5. 1 аптада 6 күн бар жоқ
6. 1 айда 30 күн бар. иә
Оқушы білімін бағалау.
Үй тапсырмасы:
81 беттегі 6 тапсырманы орындау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.1 Mb |
Количество скачиваний: | 30 |