Сабақ жоспарлары Сандар әлемі

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жиын элементтері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға математикадағы қасиеттері,белгілері ортақ нысандар немесе жиын элементтері туралы білімдерін кеңейту.

Тез ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту.

Жауапкершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар,үлгі дәптер,электронды оқулық,үлестірмелі карточкалар.суреттер.

Сабақтың түрі: Дамытушылық.

Сабақтың типі Ойын сабақ

Сабақтың формасы: Ұжымдық,топтық,жеке

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,ішінара ізденіс,көрнеклік,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,зерттеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау.

Оқу құралдарын түгелдеу.

Сыныптың тазалығына көңіл аудару.

ІІ Өткен материалды еске түсіру.

1таңбалы сандар жиыны

Жиындардың атын ата.

Мына үш жиын дұрыс құрылмаған

12 98 14

59 37

5 27

Нені түзету керек?

ІІІ.Жаңа сабақ әзірлік

Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Сергіту сәті.

IV Жаңа сабақ

  • 1.«Ағаш»ойыны

Суретте түстер мен фигуралар берілген. Ағаш бұтақтарының ұшына қажетті түстегі,пішіндегі фигураларды салу.


  • 2.Кесте арқылы түсіндіру.

Матеаматикада қасиеттері,белгілері ортақ нысандар тобы жиі сөз болады. Ондай нысандар тобын жиын деп атайды.Жиынды құрайтын нысандарды оның элементтері дейміз.

Мысалы: Төмендегі белгілердің ортақ белгісін ата: Ағаш,адам,марал,гүл.

Төмендегі нысандардан тұратын жиынды ата: үстел,шкаф,диван.кресло

Жидектер жиынына жататын нысандарды ата: құлпынай,қарақат,шие, таңқурай. Жиын қалай аталады.

Жиынды көз алдымызға оңай елестету. Үшін Эйлер-Венн (ғылымдарының аты-жөні) диаграммасы аталыпкеткенсызбаны қолданамыз. Ол ішінде жиын элементтері орналасқан тұйық сызық түрінде беріледі.

а)екі таңбалы сандар б)бір таңбалы сандар.


4.Бос торкөзге суретті қайталап салып боя.

V.Пысықтау –Жиын дегеніміз не?-Жиын элементтері деген не?

Логикалық қорытынды: Үйлер қандай фигуралардан құралғанын мұқият қарап шық. Олардың бір-бірімен қандай айырмашлығы бар? Жетпей тұрған фигураны тап.Суретін сал.

VIБекіту.Нені үйрендік

VII. Сабаққа жақы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.89 Kb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 242

Похожие материалы