Сабақ жоспары "Бақытты отбасы"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ұйымдастырушылық, ізденімпаздық - Бүгін біз «Өзін - өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы аялдамасына» топталамыз.
- Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырып көрейікші. Балалар отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? Жарайсыңдар балалар, сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Балалар бізге жақындарымыз керемет сыйлық дайындап қойыпты. Қане, балалар үнтаспадан жақындарымыздың дауысын тыңдап көрейікші. Жақындарыңның дауысын ажырата білулерің керек. Балалар, қане енді теледидарға қарайық.
Теледидардан балаларды еркелеткен жақындарының суреті көрсетіледі.

Қане, балалар ақын Ә. Ысқақов ағамыздың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін тыңдайық.
Ойын: «Допты қағып ал»
Шарты: Балалар лақтырылған допты қағып алып, тәрбиешінің қойған сұрағына жауап береді.
Мысалы: «Отбасы мүшелерін ата?», «Ата - анаңа көмектесесің бе?» Жарайсыңдар балалар ойынға жақсы қатысып, сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Балалар үлкендерді сыйлап, айтқанын тыңдап, кішілерге қамқорлық жасау керек.
Әңгімелесу.
Балалар отбасымен түскен суреттеріне қарап, өз отбасы туралы әңгімелеу.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.27 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 111

Похожие материалы