Сабақ жоспары Дүниетану 2-сынып. Тақырыбы: Жапырақ.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

23.01.2015 ж. Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты:

1) Өсімдік мүшелері туралы білімдерін жаңғырту. Жапырақ, оның қызметі, өсімдік үшін маңызы, түрлері туралы түсінің беру.

2) Ойлау қабілеттерін  дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасауға машықтандыру.

3) Байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, бірбірін құрметтеуге тәрбиелеу.Табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакатқа салынған терек суреті, жапырақтар, гүлдер, мультимедия аппараты.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, орыс тілі.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.

І топ «Емен» тобы (төртбұрыштар таңдаған оқушылар барады).

ІІ топ «Қайың» тобы (үшбұрыштар таңдаған оқушылар барады)

Топ басшысын сайлау.

2. Психологиялық дайындық.

1,2,3-сынып іші тып-тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз!

3. «Қайталау – білім анасы»

- Әр топтың алдында қорапшалар бар. Сол қорапшалардың ішінде сұрақтар бар екен. Топ басшылары осы сұрақтарды қарсы топқа қояды.

1-топ: Өсімдік қандай ағза? (тірі)

2-топ: Өсімдік мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)

 

Екі топқа тапсырма.

- Өсімдік тірі ағза дедік. Олай болса, өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайларды есімізге түсірейік.

Экрандағы сөздердің ішінен өсімдікке қажетті жағдайларды табу.

Су, ауа, жылу, жарық, қорек.

Топпен жұмыс.  Топтастыру.

1-топ. «Тамыр»

- Өсімдікті жапыраққа бекітеді.

- Топырақтағы ылғалды сіңіреді.

- Тамыр арқылы өсімдік қоректенеді.

- Жер астында орналасады.                                                 (тамырдың суретін ілу)

2-топ. «Сабақ»  

- Өсімдік мүшелерін бекітеді.

-  Тыныс алуға қатысады.

- Топырақтан сіңірген қорегін, өсімдік мүшелеріне таратады.

- Сабақта гүлдер, жапырақтар бекиді.                                (сабақтың суретін ілу)

- Суретте не пайда болды

Ағаш.

Ағаштарға байланысты білетін сергіту жаттығуымызды орындайықшы.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағашар

Үп-үлкен боп өседі.

- Енді ағашымызға  не жетпейді?

- Жапырақ

4. Жаңа сабақ .

- Олай болса, бүгінгі сабақта өсімдіктің тағы бір мүшесі жапырақпен танысамыз.

- Күннің жады, жаңа тақырыпты дәптерге жазу.

- Жапырақ туралы не білесіңдер?

(оқушылардың ойларын тыңдау)

Жапырақ туралы  түсінік беру.

Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі,ол көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Жапыраққа қорек (су еріген тұздар) сабақ арқылы тамырдан келеді.

Жапырақтың негізгі қызметтері:

- Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.

- Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады.

- Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады.

Жапырақтың сыртқы құрылысы

Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады.

- Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы,

- Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады.

Сағақсыз жапырақтар да болады.

Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ

 Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады.

Жапырақтың мөлшері, пішіні  әр түрлі болады.

Мысалы бөлме гүлдеріне назар аударайық:  жапырақтарының пішіндері әр түрлі.

Сол сияқты ағаштардың да жапырақтары әр түрлі болды. Осыған дәлел экранға назар аударайық.  (видеоролик)

- Қайың  ағашының жапырағы (береза)

- Көктерек ағашы (осина)

- Үйеңкі ағашы (клен)

- Талшын ағашы (каштан)

- Емен ағашы  (дуб)

- Шаған ағашы (ясень)

- Жылауық тал  (плакучая ива)

- Шегіршін ағашы  (вяз)

- Шетен ағашы (рябина)

- Қараған ағашы (акация)

- Бәйтерек ағашы (тополь)

- Шырша ағашы  (ель)

   - Мінекей, балалар, жапрықтардың түрлері өте көп екен.

Бұл ағашарды біздер күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сонымен қатар балалар жер бетінде ерекше өсімдіктер де болады екен.

Оны біз «Ең, ең, ең ...» айдарынан көрейік.

- Дүние жүзіндегі ең биік, үлкен ағаш – «Секвойя» ағашы екен. Оның басқаша аты «Қызыл терек» Оның биіктігі 100 метрден асады екен. Ал диаметрі 8 мерден асады. Секвойя ағашы 3000 жылдан астам тіршілік етеді.

- Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл – «Раффлезия Арнольди» гүлі. Бұл гүл Малайзия джунглиларында өседі. Оның жалпақтығы 1 метрден, салмағы 7 кг-нан асады екен. Бұл гүлдің иісі шіріген еттің иісі сияқты өте жаман екен.

- Дүние жүзіндегі ең кішкентай гүл – «Вольфия» гүлі екен. Өте сирек кездесетін гүл түрі. Бұл гүлді жәй көзбен көру қиын, үлкейткіш құралдар арқылы ғана анық көруге болады екен. Ең қызығы бұл гүлдің тамыры мен жапырақтары болмайды екен.

 

Барлық өсімдіктер жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады екен.

-Неліктен деп ойлайсыңдар?

(видеоролик көрсете отырып түсіндіру)

Мысалы күз мезгілінде көп жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жапырқтың құрамында хлорофилл деген зат болады. Осы хлорофилл өсімдікке жасыл түс беріп тұрады. Күн көзін қоректік заттарға айналдыру үшін өсімдікке хлорофилл қажет екен. Күзде ауа райы салқындап, топырқта қоректік заттар азаяды. Өсімдік тамырының суды сіңіруі нашарлайды. Жапыраққа қажетті күн көзінің жылуы да нашарлайды. Өсімдіктер қысқы ұйқыға дайындалады. Осыдан келіп өсімдік бойында хлорофилл азайып, жапырақ сарғаяды екен.

Осы қурап түскен жапырақтар да пайдалы екен.

Адамдар қураған жапырақтарды  топыраққа көміп, шірітеді. Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі.

- Күз мезгіліне байланысты оқулығымызда тақпақ бар екен. Осы тақпақты бәріміз орнымыздан тұрып бірге оқиықшы.

Бұлт ағады аулаққа,

Күз келіпті бау-баққа.

Жаздай піскен жаңғақ та,

Шашылады жан-жаққа.

 

 

 

 

5. Топтық жұмыс

«Сәйкестендіру»

1-топ                                                                                     2-топ

Емен                                                                                      Қайың

Талшын                                                                                 Үйеңкі

Түймедағы                                                                            Жауқазын

Бәйшешек                                                                             Күнбағыс

- Экранға дұрыс жауап шығады, екі топ бір-бірінікін тексереді.

Сабақты бекіту.

Ребус шешу

1-топ «Табиғатты »                         2-топ «аялайық»

Табиғатты аялайық

- Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

- Өсімдіктердің адамға пайдасы бар ма?

- Олай болса, айналамызды қоршаған әсем табиғатымызды үнемі қорғап жүрейік!

Рефлексия

- Сендерге сабақ ұнаған болса, алдарыңда шашылып жатқан жапырақтарды ағашымызға орналастырайық.

Бағалау. Топ басшылары бағалау бетшелерінің қорытындысын айтады.

Үйге тапсырма.

 

Жапырақ. Оқу, суреттерін салу. 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 7 Mb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 241

Похожие материалы