Сабақ жоспары: Киелі сандар 9 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі.

Сынып: 9 сынып

Тақырыбы: Киелі сандардың құпиясы

Мақсаты:

1. Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, танымдық қызығушылықтарын дамыту, сауаттылығын арттыру.
3. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқу жабдығы, көрнекілігі: белсенді тақта, дидактикалық қосымша материалдар
Қарым-қатынас стилі: диалогтық, монологтық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Қолданылатын технология: Қ.Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясы, сын тұрғысынан оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Балалар екі топ болып отырады.
II. Психологиялық дайындық. Ой шақыру.
- Балалар, көздеріңді жұмыңдар, мен аш дегенде ашасыңдар. (Мұғалім онға дейін санайды). Қазақ тілі сабағы басталды. Бәріміз бүгін жақсы жұмыс жасаймыз. Көздеріңді ашыңдар!

-Балалар, мен жаңа көздеріңді жұмғызып не істедім?

- Қалай ойлайсыңдар, сабақ не жайында?

Сабақтық тақырыбына шығу: 1 слайд
Берілген мақал- мәтелдерге мұқият қараймыз. Осы мақалдың ішінде қандай сандар түсіп қалған?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 5.83 Mb
Количество скачиваний: 115
Просмотров: 250

Похожие материалы