Сабақ жоспары математика 3-сынып "Қаңқа — дененің тірегі"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Есимова Маржан Орымбаевна
|
Қаңқа — дененің тірегі.
Сабақтың мақсаты: Балаларға адам организмінің тірегі болып табылатын қаңқа жөнінде жалпы түсінік беріп, оның құрылымымен таныстыру; өзіндік бақылаулар мен байқау нәтижелеріне, тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып талдау жасауға үйрету, тазалық дағдыларын, байқампаздың қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Өзекті сұрақ.
Біз адам - табиғаттың бір бөлшегі екенін білеміз. Ол еңбек етеді, ойлайды және жануарлардан осынысымен ерекшеленеді («Адамның дене құрылымы» атты кестені ілеміз).
Адамның барлық дене мүшелерінің бір-бірімен мықты байланыста екенін дәлелде. Адам организмі біртұтас дүние деуге бола ма?
II. Жүзеге асыру.
1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
Практикалық жұмыс.
Балалар басын, маңдайын, желкесін, шынтағын, тізесі мен қол саусақтарын ұстап көреді.
- Сендер нені ұстап көрдіңдер? (Сүйектерді)
- Олар қандай екен? (Қатты, мығым)
Қорытынды. Сүйектер бір-бірімен мықты байланысып тұр, солардан қаңқа құралады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 37.97 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |