Сабақ жоспары «Сырттандар» ертегісі (5-сынып)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Садетхан Шолпан Садетхан
|
Сабақтың тақырыбы
«Сырттандар» ертегісі
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Ертегінің мазмұнын білу, ертегінің идеясын түсіну, топта ынтымақтаса жұмыс жасауға үйрету
Күтілетін нәтижелер
Ертегінің мазмұнын біледі, ертегінің идеясын түсінеді, топта ынтымақтаса жұмыс жасай алады
Негізгі идеялар
«Сырттандар» ертегісі ертегілердің ішінде шыншыл ертегілер түріне жататындығы,Қасқыр мен иттің сырттандары арасындағы айқастан кейінгі адамның сырттанының қасқырды жеңуі арқылы адамның қасқырға қожа болуы. Адам атаулының барлығының қолынан қандай іс болса да келеді. Ол жыртқыш аң -қасқырды да жеңіп жатыр.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс (Жигсо)
Жұптық жұмыс (Сәйкестендір кестесі)
Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)
І.Ұйымдастыру кезеңі (3 минут) 1Оқушылармен амандасу, түгендеу 2 Оқушылардың назарын өзіме аудару 3.Топқа бөлу. (Столдың үстіне батырлық, ерлік туралы мақал-мәтел жазылған қағаз қиындыларын тастаймын. Оқушылар қиындыдағы сөздерді бір-бірімен тіркестіріп мақал-мәтелді табу керек. Мақал-мәтелді тапқан соң оқушылар үш топқа бөлініп, орындарына барып отырады)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)
«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі кейіпкерге яғни Кендебайға хат жазу
Үй тапсырмасы бойынша сабақ айтқан оқушыларды мадақтап, марапаттап бағалау.
«Ой қозғау» стратегиясы (2 минут)
-Оқушылар, «Сырттан» деген сөз нені білдіреді?
-Неліктен олай деп ойлайсың?
-Үйге кірмейтін, тек сыртта жүретін итке байланысты айтылады екен. Тағы да нені айтуға болады?
-Әрине, Сырттан есімді адамның аты да кездеседі. Себебі, ұзақ уақыт бала көтермей барып көтерген ата-аналар баласын тіл –көзден аман болсын деп, назары атына, есіміне түссін деп ырымдаған. (Интерактивті тақдадан «Сырттан» деген сөздің мағынасын түсіндіру)
-Ендеше, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы екен?
-«Сырттандар» ертегісі
ІІІ.Топтық жұмыс «Жигсо»( Ертегінің мазмұнымен танысу) (15 минут)
Топтағы оқушылар ролдерге бөлінеді. Олар көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушы болып ролдерге бөлінеді. Мұнан кейін топтағы оқушылар әуелі өздері оқып алады, содан кейін жұпта өзара ой бөліседі, сосын топта талқылайды. Әр оқушы жүктелген ролдің міндетін атқарады.
І-топқа 1-2 беттерді оқу
ІІ-топқа 3-4 беттерді оқу
ІІІ- топқа 5-6 беттерді оқу
Екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау
Сергіту сәті
ІҮ. Жұптық жұмысСәйкестендір кестесі (5 минут)
І-топқа (Ертегінің желісін өрісімен сәйкестендір)
Оқиға желісі
Оқиға өрісі
Ертегінің басталуы
Түс жорыған қария, жылқыдағы кербесті.
Ертегінің дамуы
Бай баласының түсі.
Ертегінің байланысы
Үрей билеп қара жігіттің айтқаны орындай алмаған бала.
Ертегінің шиеленісуі
Баланы қуған қара қасқыр. Ит даусы. Жалғыз үй.
Ертегінің шарықтау шегі
Қара қасқырға қанжар салған жігіт.
Ертегінің шешімі
Үш сырттанның арпалысы.
Ертегінің қорытындысы
Жігіт- адамның сырттаны, қара ауыз ит- иттің сырттаны, қара қасқыр- қасқырдың сырттаны. Қасқырға қожа болған адам.
ІІ- топқа( Ертегідегі кейіпкерлерді олардың сөздерімен сәйкестендір)
Әкесі
Балам, өзің барып, тауып мінбесең, саған жарайтын атты мен таба алмадым..
Жылқышы
Мен білсем, кербестіден басқа жылқы құтқара алмас
Сәуегей қария
Мүмкін, қашып құтылса, ғажап емес
Жігіт
Егер қара қасқыр жеген болса, барлық қасқыр атаулы адамға жерік болар еді.
Бала
Қара қасқыр тура маған бассалады ғой деп қорықтым.
ІІІ-топқа (Ертегідегі кейіпкерлерді іс-әрекетімен сәйкестендір)
Бала
Баласын қашыруға ат іздейді.
Әкесі
Сөйтіп бала осы түсті күн сайын көретін болады.
Кербесті
Қарақ асқыр баланы жеуге құмартып, сілекейін шудадай созып, тілі аузына симайды.
Қара қасқыр
Жақындағанын білген сайын, кербесті өршеленіп шабумен келеді.
Ит
Жігіт иттің артынан ақырып жүгіріп келеді.
Жігіт
Баланы иіскеп қасында жатты.
Жұптық тапсырманы бағдаршам арқылы бағалау Ү. Жеке жұмыс. Оқушылардың әрқайсысына Блум таксономиясы таратылады, олар оны толтырады. (7 минут)
Блум таксономиясы
р/с
Ойлау деңгейі
Сұрақтар мен тапсырмалар
Оқушының жауабы
1
Білу
«Сырттандар» ертегісі ертегілердің қай түріне жатады?
2
Түсіну
«Сырттандар» ертегісі деп аталу себебі неде?
3
Қолдану
Ертегі оқиғасынан қандай ой қорытуға болады?
4
Талдау
«Сырттандар» ертегісін бұрынғы оқыған ертегілермен салыстыр, айырмашылығын айт
5
Жинақтау
Осы ертегіні негізге ала отырып, өзің ертегі құрастыр
6
Бағалау
«Сырттандар» ертегісі ұнады ма? Не себепті ұнады?
Оқушылардың жұмыстарына мұғалім тарапынан 2 жұлдыз, 1 ұсыныс жазылып бағаланады.
Бақылаушылардың бағалау парағы арқылы бағаланады.
ҮІ. Кері байланыс ( Не үйрендім? Не қиын болды? Маған сұрақ) (3 минут)
Кейінгі тапсырма: «Ертегілер елінде» атты дәптер арнап, өз ойыңнан ертегі жаз. Кейінгі оқу: «Сырттандар» ертег
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.11 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |