Сабақ жоспары: Тоқсандық қайталау

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

        Мен биылғы жазда Қарқаралы ауылына  достарыммен қыдырып бардым. Ол Қарағанды қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан. Қарқаралы  көне тарихы бар,   көрікті таулы мекен екен. . Бұл жер Кеңгірсу өзеніне құйылатын  қайнарлар  мен жылғаларға бай.  Қарқаралы тауының құлама беткейлерінде әдемі биік қарағайлар, сондай-ақ қайыңдар өседі. Бұталардан – қарақат, долана, мойыл, жидек теруге болады. Тау етегінде ескі қорғандар көп.

            Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қарқаралы округінде  екі рет – 1855 және 1863 жылдары болған. Бұл өңірде Құнанбай қажы салдырған  мешіт әр келген қонаққа есігін айқара ашып тұр. Жазғы демалыс кезінде жан-жақтан келетін демалушыларға арнап салынған «Шахтер», «Тасбұлақ» демалыс үйлері бар. Әсем тау басындағы «Шайтанкөл» көлдері таңқалдырмай қоймайды. Қонақжай халқы  ат басын тіреген елге қымызы мен құртын, бауырсағын салып, дастарқан жасайды. Жазғы демалысым көңіліме шаттық пен қуаныш ұялатты.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 42 Kb
Количество скачиваний: 43
Просмотров: 255

Похожие материалы