Сабақ жоспары "Тұрақты электр тогы"

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1.Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін физикалық шамалар деп аталатын айрықша терминдер қолданылады. Мысалы, шапқан аттың, ұшқан құстың және тасбақаның қозғалыстарын салыстыра сипаттау үшін үш түрлі физикалық термин қолданылады. Олардың бірі-уақыт, екіншісі-жүрілген жол, үшіншісі-жылдамдық. Бұларды физикалық шамалар деп атайды. Физикалық шамалар құбылыстардың ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін қолданылады.

  2. Әрбір физикалық шаманың өлшем бірліктері болады. Мысалы, ұзындық бірлігі-метр, температура бірлігі-градус. Физикалық шамаларды қолданғанда олардың бірліктерін міндетті түрде атап отыру керек.

     Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады. Мысалы, дене 10 секунд қозғалған болса, оның қозғалу уақытын t=10 секунд(10 с) деп жазамыз.

     Физикалық шамалардың бірлігі ірі болған сайын, оның сан мәні кішірейе береді. Мысалы, ұзындықтың (км) деген ірі бірлігі метр (м) дген кіші бірлігіне қарағанда мың есе үлкен, яғни 1км=1000 м, сондай-ақ уақыт бірліктерін алатын болсақ:: 1мин=60сек,1,5мин=90с деп жазамыз.

    Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз-оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

    Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

 Өлшеулерді дұрыс жүргізу үшін аспап шкаласындағы бір бөліктің құнын таба білу қажет. Аспап шкаласындағы бөліктің құны өлшенетін шаманың шкаладағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады.

Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.

 

1. Өмірде, практикалық жұмыстарда, әсіресе, ғылыми-зерттеулерде физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігі аса маңызды орын алады.

2. Зерттеу жүргізгенде немесе зертханалық жұмысты орындағанда өлшенетін физикалық шамалардың мәнін жазудың арнайы үлгісі белгіленген. Ондай үлгіні жазуда мына жайт ескеріледі: аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулерлің ең үлкен жаңылысы (қатесі) аспап бөлігі құнының жартысына тең.  Егер өлшеген шаманың мәнін а деп, ал өлшеу қателігін hа деп алатын болсақ, онда өлшеу нәтижесі былай жазылады:

 

A=a±ha немесе (a-ha)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 55.22 Kb
Количество скачиваний: 44
Просмотров: 258

Похожие материалы