Сабақ жоспары:"Кең-байтақ Қазақстан" 3 сынып
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Гладких Анастасия Валерьевна
|
Сабақтың тақырыбы: Кең - байтақ Қазақстан
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: «Менің Отаным – Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, нақыл сөздер
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздік жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері, интерактивтік тақтамен жұмыс
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Сабаққа көңіл аудару
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
3. Кезекшімен сұхбат
- Сенің атың кім?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Қазір қандай сабақ?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сабақта кім жоқ?
ІІ.Қызығушылығын ояту.
- Балалар, сіздер қайда отырсыңдар?
- Сіздер мектепке қайдан келдіңіздер?
- Үйлеріңіз қайда орналасқан?
- Ал, ауылымыз қайда орналасқан?
- Солтүстік Қазақстан облысы қай мемлекетте орналасқан?
- Әрине, Қазақстан Республикасында орналасқан.
- Міне, балалар, Отан қайдан басталады екен?
- Отан туған жерімізден, өз ауылымыздан, өз үйімізден, өз отбасымыздан басталады екен.
- Ал, бізге бүгін қонақ келіп отыр. Алдымен біз қонақтарымызға Отан туралы айтып берейік.
Оқушылар шығады, өлеңдерді айтып береді.
Туған ел.
Байтақ дала – туған жердің
Қымбат маған әр тасы
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы – баршасы.
Т. Әлімқұлов
Қазақстан.
Ен даласын
Егін жапқан.
Бар баласы
Бақыт тапқан.
Менің жерім, туған елім-
Күн сәулелі Қазақстан!
Т. Молдағалиев
Туған жер
Кеңсің, дала,
Туған ана,
Көйлегің кең, көк ала.
Жан беретін,
Тән беретін
Мейірімді ана – сен ғана.
С.Сейфуллин
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
М. Хакімжанова
ІІІ.Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, біз «Қазақстан еліне саяхатқа » шығамыз. Ал, бастайық!
- Саяхатқа біз пойызбен шығамыз, бірақ сол пойызға келу үшін сөздік диктант өткізу керек. (оқушылар сөздік диктан интерактивтік тақтада жазады, содан кейін осы сөзден артық сөздер табады.)
Сөздік диктант: ел, өлке, көл, көмір, мемлекет, Қазақстан
- Жарайсыңдар! Барлық сөздер дұрыс жаздық қой!осы сөзден қай сөз артық шықты? Дұрыс, Қазақстан. Неге? Өйткені ол сөз басқалармен салыстырғанда жуан.
- Енді картаға қарайық, біздің бірінші аялдама Алматы қаласы.
1 аялдама. Алматы қаласы. Қаланың тұрғынымен диалог. Үлгі: Сіз Алматыда тұрасыз ба? Алматы қандай қала? Мұнда нелер бар?
Әрі қарай келу үшін ақсақал мынадай тапсырма береді: «Балақайлар, маған Отан туралы бірнеше мақал айтып беріңдер»
2 аялдама. Алатау таулары.
- Балалар, қараңдар, мынау не? Дұрыс ол бүркіт. Ол Қазақстанның қызыл кітабына жазыпты, сеңдер білесіңдер ме? Міне, бүркіт бізге бірдеме алып келді. Қарайық, мынау – хат.
«Балалар, әрғарай келу үшін мынадай тапсырма орыңдандар!
Аудармасын тап:
Ұлт өкілдері нефть
Салт-дәстүрлер уголь
Кең дала обычаи и традиции
Мұнай представители национальностей
Көмір широкая степь»
3 аялдама. Астана қаласы.
- Астана қандай қала, кім айтады? Дұрыс ол біздің бас қаласы. Онда театрлар, музейлер, кинотеатрлар көп. Қараңдар, мынау не? Мәдениет үйі. Шығып кірейік, қараймыз онда не бар...
Сергіту сәті.
4 аялдама. Қостанай қаласы.
Мәтінмен жұмыс.
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы.
Қазақстанның жері- кең байтақ. Ол Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Жеріміз шикізатқа өте бай. Қарағанды, Екібастұзға көмір, Ақтау, Маңғыстауда мұнай, Балқашта мыс, Өскеменде мырыш өндіріледі.
кең байтақ – широкая, просторная
созылып жатыр – простирается
шикізат – сырьё
5-соңғы аялдама. Біздің Целинный ауылы.
Дәптермен жұмыс. Кітаптың үшінші жаттығуды орындаламыз.
Берілген сөздермен сөз тіркестерін құру: Отан, қала, халық, көмір.
ІҮ. Сабақты қорытындылау
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстанның ұлттық рәміздері?
- Елімізде мемлекеттік тіл қай тіл?
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру: қайталау
-Сабақ сізге ұнады ма? Рақмет. Сауболыңдар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 43.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |