Здесь была ссылка на работу Сабақ «Пернетақта. Пернелер тобы» автора Болат Серикгул Болатовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтын тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.Сабақтын мақсаты: Білімділік: Оқушыларды ДК-мен және де ақпарат енгізу құрылғысы пернетақтамен таныстыруТәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта.Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын тексеру Жаңа сабақ түсіндіруПрактикалық тапсырма Қорытынды, бағалауЖаңа сабақ: Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі. 2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады: -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер) -функционал пернелер: F1-F12 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace -меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада. -сандық пернетақта.Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған. Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік. Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданыладыСыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады. Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Тапсырмалар:1. Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.Үйге тапсырма: Пернетақта тақырыбын оқу.