Сабақ тақырыбы:3D-модельдеу және анимация.

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Күні:24.02.2014 Сыныбы: 10 Сабақтың тақырыбы: 3D-модельдеу және анимация. Виртуалдық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды 3D-модельдеу программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.  2. 3D-модельдеу графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.  3. Оқушылардың зейінін 3D-модельдеу графикалық мүмкіндіктерін меңгеруге аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыру.  Сабақтың типі: практикалық сабақ Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта. Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі .  Сабақтың өту барысы:  І. Ұйымдастыру.  1. Оқушыларды түгендеу 2. Сабаққа дайындықтарын тексеру 3. Сабақтың мақсатын айту Жаңа сабақты түсіндіру 3D-модельдеу Үш өлшемді графиканың негізгі түсініктері Үш өлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған. Мысал ретінде үш өлшемді үлгілеудің күрделі нұсқасын - физикалық дененің қозғалатын суретін жасауды қарастыру. - объектінің шынайы формасына сәйкес келетін виртуалды каркасын (қанқа) жобалау және жасау; - шынайы физикалық қасиеттері бойынша материалдарға ұқсас виртуалды материалдарды жазу және жобалау; - объектінің әртүрлі сыртқы бөліктеріне материалдарды меншіктеу; - объекті әрекет ететін кеңістіктің физикалық параметрлерін баптау– жарық шашу, бет және өзара әрекеттесетін объектілердің қасиеттері; -Үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары. Үш өлшемді графиканы дербес компьютерде өндейтін бағдарламалық құралды үш пакет құрайды. Олар Windows операциялық жүйесімен басқарылатын машиналар нәтижесінде жұмыс жасайды.  Бастауында SGI жұмыс станциялары үшін жасалған және жуырдан бастап Windows NT операциялық жүйесіне арналып өзгерді. Бағдарлама үлгілеудің көп мүмкіндіктерімен, физикалық және книматографикалық параметрлерді басқарудың көп санымен ерекшелінеді. Рендеринг үшін сапалы және жылдам Mental Ray үлгісі қолданылады. SGI арнайы графикалық станция әлемінде бұл бағдарлама «де - факто» стандарты болып есептелінеді, IBM PC платформасында салмақты болып көрінеді және қуатты аппараттық ресурстарды талап етеді. Тұйық пакет, ақпарат тек ағылшын тіліне ғана, Россияда тек 2002 жылы пайда болды. «Прогулки с динозаврами» фильмі жасалынған. 3D max бағдарламасы 3ds Max бағдарламасы кез-келген керекті обьектінің моделін және сплайндік моделін құруды, натюрморттарды визуалдау арқылы түс беруді, берілген объектіні хромдауды және олардың көлеңкесін шығаруды, лазерлік сәуле түсіруді, фрагменттер мен кадрларды қозғалту арқылы анимациялауды, динамикалық эффектілер көмегімен судың толқыны мен желдің бағыттарын жасауды, адамның келбеті мен шаштарын «Hair and Fur» эффектісімен жүзеге асыруды және тағы да басқа да көптеген мысалдарды құруға мүмкіндік береді. Міне, сол себепті менде өзімнің диссетрациалық жұмысымда осы 3ds Max бағдарламасының күрделі тарауының бірі «Геометриялық сахна моделдерін құру» және «Үш өлшемді кеңістікті бейнелеу» бөлімдерін жоғары математикалық пәнімен байланыстыру мүмкіншілігі қарастырылған. Геометриялық фигураларды үшөлшемді түрде құрып олардың кескіндерін қалай етіп шығуын көруге болады. 3D MAX интерфейсіне сипаттама: Программаны іске қосқанда ең бірінші пайда болатын терезе томендегі суретте көрсетілген .   Сурет 1 3D Studio Max 5 экран бейнесі   Проекция терезесі. Мах көрінісінің барлық объектісі аумақты (World) координаталар жүйесінде орналасқан. Шартты түрде бұл жүйенің Z өсі тік жоғары, Х өсі оң жаққа, У өсі бақылауыштан шығатын бағытқа бағытталған деп есептеуге болады. Мах 2.5 проекциясының ортографикалық терезелері – аумақты координаталар жүйесінің қатысына байланысты Тор (төбесінен қарағандағы түрі), Front (алдынан қарағандағы түрі), Left (сол жағынан қарағандағы түрі) т.б деп аталған. Мах жүктелгеннен кейін проекция терезелерінде көрінетін координаталар – бұл аумақты координаталар жүйесіне сәйкес келетін жазықтықтың торы. Аумақты жүйенің координаталық жазықтықтары бастапқы координаталық тордың (home grids) атымен аталады. Мах аумақты координаталар жүйенің жазықтығынан қандай да болсын бұрышпен орналаса алатын қосымша объект - тор (Grid Objects) жасауға мүмкіндік береді. Мұнда Мах объект торлардың координатты жазықтығына параллель болатын, жазықтықтағы объектілер көрінісінің ортографикалық проекциясын құруға мүмкіндік береді. Мах 5 проекция терезелерінің келесі типін қолдайды: - Тор (төбесінен қарағандағы түрі), Front (алдынан қарағандағы түрі), Left (сол жағынан қарағандағы түрі), Back (артынан қарағандағы түрі), Right (оң жағынан қарағандағы түрі),Button (астынан қарағандағы түрі) - сәйкес аумақты координаталар жүйесінің жазықтығының параллель болатын, жазықтықтағы объектілердің ортографикалық проекциясының 6 терезесі. - Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы: «3D-модельдеу және анимация. Виртуалдық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі» тақырыбын оқу.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 201 Kb
Количество скачиваний: 58
Просмотров: 260

Похожие материалы