Зат есімнің сөйлемдегі қызметін пысықтау

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Тақырыбы:  Зат есімнің сөйлемдегі қызметін пысықтау Сабақтың мақсаты: а) білімділік- зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру; ә) дамытушылық- сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау; б) тәрбиелік- тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырма, топтық жұмыстар. Сабақтың көрнекілігі: плакат- сызбалар, үлестірмелі қағаздар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Сабаққа даярлау. 2. Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру. Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген: 1. Қайталау- оқу анасы; 2. Жаңа сабақ құпиясы; 3. Кітап- досың, ақылшың; 4. Білімді мыңды жығар; 5. Жеті жұрттың тілін біл; 6. Біліміңді байқап көр. Әр беттегі тақырыпты аша отырып тапсырмаларды орындаймыз. Сыныптағы оқушылар деңгейіне қарай 3 топқа бөлініп отырғызылады. 1- топ Белсенділер, 2- топ Алғырлар, 3- топ Талапкерлер. (Бүгінгі сабақта тілге байланысты мысалдар алынады.) 1.     «Қайталау- оқу анасы». Өткен сабақтарды, үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау- оқу анасы» парағы ашылады. Әр қатарға өткен сабақ бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін. 2.     1- топ оқушылары бірлесіп зат есім бойынша тірек- сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.                             Кім? не?     Дара, курделі       негізгі, туынды Зат есім                                                       Жалпы, жалқы                                    көптеледі             деректі, дерексіз            септеледі          тәуәлденеді 2- топ оқушылары бірлесіп зат есімді орыс тілімен салыстырып көрсетеді. Қазақ тілінде Ортақ белгісі Орыс тілінде 1. Зат есім 2. Кім деген сұрақ адамға қойылады.   3. Не деген сұрақ адамнан басқа нәрселерге қойылады. 1. Заттың атын білдіреді. 2. Сұрақтары: кім, не.     3. Жалпы, жалқы болып бөлінеді. 1. Имя существительное 2. Кто деген сұрақ жанды нәрсеге (адамға, малға, жануарларға) қойылады. 3. Что деген сұрақ жансыз нәрселерге қойылады. 3- топ оқушылары              Көмекші есімдер  (сырт, іш, маң, тұс, алд(ы), арт(ы), маң, тұсы т.б)   Лексикалық мағынасы жоқ   Тәуелдік жол, тұрып зат есіммен     зат есімнің жетегінде ғана                                               тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады            қолданылады 2. Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз. А) «Ой қозғау». Бастауыш, орта буында алған сөйлем мүшелері туралы түсінігін, түрлерін сұраймын. Ә) Мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. - Балалар, мына мысалдарды оқып, сөйлем мүшелеріне талдайық. Оқушылардың талдап түсіндіруі бойынша бірлесе отырып зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап, ережесін шығарамыз. 1. Тіл- ұлттың жаны. Атау септікте тұрып, кім, не сұрағына жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады. 2. Тіл- адамның ойын білдіретін құрал. Зат есім жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы да болды. 3- жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды. 3. Тіл- идеяның, ойдың, сезімнің жанды көрінісі. Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. 4. Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, өзге тілді сүйе алмайсың. Зат есім табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады. 5. Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Зат есім түбір тұлғада мезгілдік, мекен- бағыттық, себеп- мақсаттық  мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады. 3. Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап- досың, ақылшың» парағы ашылады. 51- жаттығуды сынып оқушылары ауызша орындайды. 3- топ оқушылары 55- жаттығуды жазбаша орындайды. 4. «Білімді мыңды жығар» а) 2- топ оқушылары үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізеді. Зат есімдерге толық сатылай кешенді талдау жүргізіледі. 1- топшама. Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз.            (Олжас Сүлейменов)                                                                      Өткізген: Медеубаева М.К.                                                      Қарағанды    
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.21 Kb
Количество скачиваний: 40
Просмотров: 205

Похожие материалы