Windows басқару элементтері. Windows жүйесінің жұмыс үстелі.
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Сыздыкбаева Нургул Алжаппаровна
Здесь была ссылка на работу Windows басқару элементтері. Windows жүйесінің жұмыс үстелі. автора Сыздыкбаева Нургул Алжаппаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Windows басқару элементтері. Windows жүйесінің жұмыс үстелі. Сабақтың мақсаты: - Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерімен, Windows 98 жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру. - Есептер тақтасын «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету. «Маус» манипуляторын меңгерту. - Оқушыларды зейінділікке, ұжымдыққа, басқаның еңбегін бағалай білуге баулу. Сабақтың түрі: Жаңа материалды үйрену сабағы Сабақтың әдісі: Практикалық іс -әрекеттерді ұйымдастыру әдісі Көрнекілігі: Оқулық. Жұмыс дәптері, ДК-лер. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу. 3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. II.Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан өткен тараулар бойынша қайталау сұрақтарын қою. 1. Ақпарат дегеніміз не? 2. Ақпаратты түрлендіру. 3. Компьютер 4. Есептеуіш техникасының даму тарихы 5. Дербес компьютерлер ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Windows ХР операциялық жүйесі Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір – біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған. Әйгілі Windows операциялық жүйесінің жаңа нұсқасының атауындағы ХР әріптері eXPerience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол «өмір тәжірибесі», «білім» дегенді білдіреді. Жұмыс істеудің бастамасыКомпьютердің жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан Power деп аталатын қосу/өшіру батырмасын басып, оны іске қосыңдар. Сонда компьютердің процессоры тұрақты жадтайтын құрылғыда жазылған программалармен қатынасады. Бұл программалар компьютердің негізгі құрылғыларының жұмыс істеу қабілетін тексере бастайды.. содан кейін басқаруды қатқыл дискідегі операциялық жүйеге береді