Здесь была ссылка на работу ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ автора Сыздыкбаева Нургул Алжаппаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Білімділік Оқушылардың Операциялық жүйе және онын түрлерін, WINDOWS типтіоперациялык жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру; Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, пәнге деген қызығушылығьш арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонетрациялау, баяндау арқылы түсіндіру. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер,практикум. тақта. Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 4. Тапсырмаларды орындау 5. Үйге тапсырма Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары: Миға шабуыл атты ойынмен ұйымдастыру. 1. Ақпарат беру дегеніміз не? 2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? 3. Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар?. 4. Ақпарат шығару құрылғыларына не жатады? 5. Сыртқы жадтарының қандай түрлерін білесіңдер? 6. Логика дегеніміз не? 7. Ақпарат енгізу құрылғыларына не жатады? 8. Компьютер мен адам арасындағы қарым қатынасты не деп атаймыз? 9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? Жаңа тақырыпты түсіндіру Жаңа сабақты түсіндіру, электронды оқулықты көрсету Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жүмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған қүрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі- операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды. Операциялық жүйелерді жіктеу Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер: ■ Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; ■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;