Здесь была ссылка на работу Компьютерлік вирустар және антивирустар автора Сыздыкбаева Нургул Алжаппаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік вирустар жайлы түсінік бере отырып, олардан антивирустардың көмегімен қалай қорғануға болатындығы жайлы мәлімет беру. Міндеті: Білімділік: Оқушыларды «Компьютерлік вирус» ұғымымен, негізгі қызметімен, түрлерімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту. Дамытушылық: Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі: Жеке оқушымен. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулықтар, таратпа карточкалар, тест тапсырмалары, вирусқа қарсы дискілер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуын, дәрісхана тазалығын қадағалау (2 минут) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (20минут) 1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет? Жауабы: Ол адамның компьютерлік жүйемен әрекеттесуін қамтамасыздандыратын арнайы бағдарлама. Операциялық жүйе компьютерде орнатылған барлық жүйелер мен бағдарламалық жасақтамалардыбасқару үшін қажет. 2. Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе? Жауабы: Жүйе параметрлерін баптауды орындау үшін басқару панелі (Панель управление) шақырылады. 3. Windows жүйесіндегі маңызы зор буфер? Жауабы: Windows операциялық жүйесінде себет (корзина) өте маңызды роль атқарады-бұл жойылған файлдар жиналатын буфер 4. Проводник дегеніміз не? Жауабы: Файлдар диспетчерлерінің категориясына жататын қызметші бағдарлама. Тапсырмалар орындау. 1. Басқару панелін пайдаланып, күн мен уақытты баптау 2. Басқару панелін пайдаланып, Windows операциялық жүйесінде тілді баптау. ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(5 минут) Оқушыларға карточка тарату ақылы сұрақтарға жауап береді. І V. Жаңа сабақ.(30 минут) Сонымен компьютерлік вирустар дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен – күнге мөлшері артып барады.Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз - өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс - әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа.