WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕР. МІСROSOFT WORD -ты іске қосу.
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Дәніш Қалдығыз Әбдіхалық
Здесь была ссылка на работу WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕР. МІСROSOFT WORD -ты іске қосу. автора Дәніш Қалдығыз Әбдіхалық.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сыныбы:8А Сабақтың тақырыбы: WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕР. МІСROSOFT WORD -ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру. МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ ПІШІМДЕУ. Пішімдеудің мәні. Пішімдеу режимдері Сабақтың мақсаты: Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, МІСROSOFT WORD -ты іске қосу, мәтіндік құжат құру, емлесін тексеру, мәтіндік құжатты пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыру; Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта. Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 4. Тапсырмаларды орындау 5. Үйге тапсырма Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары: 1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде? 2. Мәтін дегеніміз не? 3. Мәтіндік қүжат деген не? 4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер? 5. Мәтіннің әр түрлі мысалдарын келтіріңдер? 6. Гипермәтін деген не? 7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады? 8. Абзац деген не? Жаңа тақырыпты түсіндіру Мicrosoft Word - ты іске қосу үшін келесі эрекеттер тізбегін орындау қажет. панелі Бұрыннан бар құжатты ашу Файл-Открыть; Құжатты сақтау - Файл-Сохранить немесе Файл-Сохранитъ как командаларын орындау қажет. Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін батырмасын қолданыңдар. -батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редакторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маустың батырмасын блоктың басында шертіңдер де, оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе батырмасын басулы қалпында ұстап, меңзерді баскару батырмасында шертіңдер. Мәтінді белгілегеннен кейін пернесін басыңдар. Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны (айналдыру жолағында орналасқан кішкене шаршы) немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады. Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп, оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтыққа дейін жылжиды. Айналдыру жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.. Кәдімгі режим мәтінді енгізу және өңдеу үшін қолданылады. Бұл Word -тың алғашқы келісім бойынша орнатылған режимінде құжаттың жеңілдетілген версиясы ұсынылады. Дегенмен, бұл режимде құжаттың соңғы көрінісін көру, яғни парақтың жолақтары, объектілердің бағаналары мен қадамдары көрінбейді, бет үзілімі сызықтар түрінде көрінеді, ал графикалық объектілер тіптен көрінбейді. Егер сендер құжат көру режимінің басқа режимдеріне ауысатын болсаңдар, онда сендер әрқашанда сол жақ бұрыштағы Обычный пернесін шерту арқылы кәдімгі режимге орала аласыңдар. дау үшін Бас құжат режимі қолданылады. Бұл режимде бір үлкен құжатты бірнеше кішкене құжаттарға бөлуге және оның құрылымын өзгертуге болады. Бұл режимге қосылу үшін экранның сол жақ бұрышындағы Вид 0 Главный документ командасын орындаңдар. Бұл режимдерден басқа құжатты баспаға жіберудің алдында қарауға берілген Алдын-ала қарап шығу режимі бар. Файл ОПредварительный просмотр командасы немесе құралдар қатарындағы Предварителъный просмотр пернесін таңдау арқылы қосылады. Windows'98 -дің Word -ның әр режимінің параметрлерін өзгерту мүмкіндігі бар. Орнатылған параметрлерді өзгерту үшін Сервис □ Параметры командасын орындауға болады. Параметры диалогтық терезесінде ағымдағы көру режимі параметрлерін тағайындауға болады.. Формат - Шрифт командасы арқылы: ^ Қаріп түрін; ^ Қаріп мөлшерін; ^ Қаріптердің астын сызу ^ Қаріп символдарының түсін; ^ Астын сызу; ^ Арнайы эсерлер; ^ Жоғарғы және төменгі индекс; ^ Белгіленген үзіндіні кіші эріптерге немесе үлкен әріптерге айналдыру; ^ Белгіленген үзінділерді жасырын түрінде т.б рәсімдеу түрлерін өзгертуге болады. Формат - Буквица командасы арқылы мәтіннің бірінші әрпін үлкейтуге болады. .Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Оқулық: 128 – 134 беттердегі тапсырмаларды орындау. Практикум. 9.1, 9.4, 9.5, 9.8, 9.13, 9.18 тарсырмаларды орындау. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: 1. Мәтіндік қүжатты пішімдеу деп. нені түсінесіңдер? 2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар? 3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар? Үйге тапсырма беру. Практикум: 9.2, 9.3, 9.6, 9.7, 9.12, 9.16 тапсырмалар. Оқулық: 9 БӨЛІМДІ ОҚУ Оқушыларды бағалау