Сабақ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
 2 сынып   Тақырыбы :Сабақ. Мақсатым :  Өсімдік сабағы туралы өз беттерінше ізденіп білім алып мұғалімнің дайын біліміне жүгінбеу керек деген мақсаттар қойылды. Сабақта оқушылар  қызыл түсті және көк түсті гүлдерді  таңдап алып екі топқа бөлініп отырды .Әр топ өздеріне ұнаған гүл аттарын таңдап  Раушангүлдер тобы мен Түймедақ  гүлі топтары деген атқа ие болды. Бір –бірімізге сәттілік тілегеннен кейін бүгінгі сабақта не істейтініміз жайында  оқушыларды  әрбір  а-4  беттеріндегі мысалдарға назарларын  аударттым.Сол мысалдарды есептесек  бүгінгі сабағымызда  не істейтінімізді біле аламыз. Осы математикалық мысалдарды  20 көлеміндегі қосу азайту  тақырыптарында өткендіктен ауызша есептеу дағдыларын  дамыту мақсатымен және сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен алынды.Мысалы : біреуін айтатын болсақ 6+7         осы мысалдың артында  оқимыз деген сөз жасырын тұрды олар 8+5           мысалдарды орындап болған соң ,аударып  бергеннен соң оқиды не  16-7         істейміз екенін сабақта ,осындай мысалдар жазылған  а-4 15-8          беттерінен  төрт  беттегі мысалдарды орындап шықты  ең соңғы 8+3          мысалда өсімдік сабағы  деген  сөзге келгенде өсімдік сабағы туралы  бүгінгі сабағымыздан біле алатынымыз  туралы айтылды. Өткенді қайталау этабында сиқырлы шаршы  ойыны ойналды      әрбір топ өзіне ұнаған санды таңдауы керек сол санға сәйкес сұрақтар қойылды . Сөзжұмбақтағы қызыл белгімен белгіленген бөлігін оқиық сабағымыздың тақырыбы болып табылады. Сабақ туралы не білесіңдер сабақ не үшін керек соны топпен сызбаға түсіріп көрелік деп оқушылардың назарын аударып болған соң  әрбір топ сабақтың сызбасын өз беттерінше түсіреді. Балалар сабақ деген не екен, ендеше ол сабағымен не істей алады ?деген сұрақ қойылды әр топ өз сызбаларын ортаға алып шығып сабақ деген не ? сызбаларын оқып қорғап шықты .Бірінші Түймедақ гүлдер тобы ,одан кейін Раушангүлдер тобының жауаптары тыңдалды.Әрқайсысы сабақ деген не?                 деген сұраққа жауап беруге тырысып бақты .Сабағымен өсімдік су ішеді,жапырағы оған жабысады,тамырына сабағы бекиді деп өз ойларын айтты.Әрбір топ бір-біріне баға беріп, қалай жауап бергені жөнінде бағалар қойылды.Оқушыларға білім дайын күйінде берілмей жауапты өздері іздеп тауып сызбаға түсіре білді. Балаларға бақшадағы өсімдіктердің сабағының қандай болатыны сұралды.  Өсімдік  сабағы барлық өсімдіктерде бірдей ме? Деген сұрақ қойылады .Оқушылар бірдей емес деп жауап бергеннен соң интербелсенді тақтамен жұмыс болды интербелсенді тақтадан өсімдіктерді мұқият қарап отыру керектігі тапсырылды.Интербелсенді тақтадан Күнбағыс өсімдігінің Кактус өсімдігінің,жүзім өсімдігінің ,ағаштардың ,өрмелегіш гүлдердің суреттері ұсынылды.Балаларға: Барлық өсімдіктердің сабағы бірдей ме? оқушылар өз бетінше білім алсын деген  мақсатында  сұрақ қойылды.Оқушылар әр өсімдіктің сабағы әр түрлі біреуі тік біреуі оралып өсетінін айтып шықты.Оқушылар оқулықтарын алып оқып, білімдерін толықтырды.Осы сабақта оқулықтан оқылғаннан кейін өзім сабақтар туралы қорытынды сөзімді айттым.Қорытынды сөзім мынадай болды: Сабақ өсімдік бойын ұстап тұрады. Ол қоректік заттарды тамырдан  өсімдіктің бүкіл бойына жапырақтан тамырға қарай жеткізіп, өткізгіштік қызмет атқарады. Сабақ тыныс алуға да қатысады.   Сабақ-жуан, аласа, жіңішке болады. Тік сабақ, өрмелегіш сабақтар болады ,ал ағаштың сабағын біз Дің деп айтамыз деп білімдерін толықтырдым.Осыдан кейін оқушылармен екі топпен Өсімдік құрастыру ойыны ойналды. Сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдік құрастырады.Күнбағыс өсімдігінің тамыр жағы,сабағы ,гүлі бөлек-бөлек салынған бөлігі бойынша сұрақтар қойылды. 1.Өсімдік онымен жерге бекиді.Күнбағыс тамыры. 2.Су өткізіп тыныс алуға қатысады.Күнбағыс сабағы. 3.Әдемі қарасаң көзің тоймайды,кейін жеміс не тұқым болады,күнбағыс гүлі. Бұл қандай өсімдік шықты сабағы қандай ?( Күнбағыс ) Оқушылар күнбағыстың пайдасын қай жерде өсетінін баяндап айтып берді. Ақ қағазда жазылған гүлдермен ағаш аттарын табу 2-ші ойынымыз болды,жапырақтар мен гүлдер арасындағы ағаш пен гүл аттарын табу          оқушыларға тапсырылды.              Оқушылар түймедақ,раушангүл,бәйшешек,қызғалдақ гүл аттарын,ал ағаштардың емен,қайың,қарағай,шырша аттарын тез тауып берді.Оқушылар белсене қатысып отырды. Ең соңғы тапсырма Гүлдердің пайдасы мен ағаштың пайдасы туралы сызбасын сызып көрсету тапсырмасы болды әр топ сызбаны толтырды.                                                            Әр топ қатысуы жөнінде дауап беруі жөнінде бір-біріне баға берді.Жеңімпаз топ анықталды.Сыйлық ретінде жеңімпаз топқа қолдан қағаздан жасалған (гофрированный )Раушангүлдер табыс етілді. Сабақты қорытындылай келсем бұл сабақтан оқушылар сабақ туралы білімді дайын күйінде алмай өз беттерінше ізденіп,өздері білім алуға тырысты.Сабақ қызықты ,тартымды өтті.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.55 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 214

Похожие материалы