Сабақт тақырыбы:»PAINT графикалық редакторы түстер палитрасы»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. Сол сияқты компьютер көмегімен түрлі-түрлі суреттер салуға болады. Сурет салу үшін мектеп бағдарламасында Paint графикалық редакторы қолданылады.  Пәнаралық байланыс: Информатика, әдебиет, қазақ тілі,бейнелеу өнері Класы: 7-класс оқушылары, информатика Жоба сабағының ұзақтығы: 2 сағат, 2 апта Жобадан күтілетін нәтиже: Жоба сабақ аяқталғаннан кейін: «Қазақ  баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады». Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы) Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)   Жобаға керекті материалдар Фотоаппарат, видеомагнитофон, компьютер, видеокамера, камера,DVD-ойнатқыш, сканер Баспа материалдары Оқулықтар,хрестоматия,сөздіктер, әдістемелік журналдар. Басқа қажеттіліктер Плакаттар, буклеттер, суреттер Ғаламтор ресурстары Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау Басқа ресурстар Мұғалімдерді,ата-аналарды,программисттерді шақыруға болады. Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды түгелдеу. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер! «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып өтейік. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.15 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 148

Похожие материалы