Сабақтан тыс жұмыс: Шақырады көктем!
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Наширбекова Гулим Муратбековна
|
Шақырады көктем!
Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Халық әндері тәрбиенің тамаша ескерткіштері бола алатының түсіндіру.
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын, дос-жарандар,
Бір сәт тынып, қане бізге қараңдар!
Аналардың ән байқауын тамашалап,
Өнерлерін қол соғып, бағалаңдар!
2-жүргізуші: Армысыздар, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән байқауын бүгінгі ауылымда
Той – думан жатыр бүгін ашылғалы!
1-жүргізуші: Армысыз, салтанаттың қонақтары,
Бүгінгі қуаныштың шуақтары.
«Жақсылық аты өлмейді» - дейді халық
Қалдырған ұрпағына мұралары.
2-жүргізуші: Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін!
Хош келдіңіз қонақтар, сергісін ой! - дей отырып кезекті бүгінгі кешті «Шақырады көктем» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар, әділ-қазы әз жандар,
Өнерлерін әділғып бағалаңдар.
Болмасын алыс – жақын деп, алаулау
Туған – туыс, дос деп те қарамаңдар!
Бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Әділ – қазылар алқасының төрағасы:
1. Мектеп директоры Жанғали Мырзағалиұлы Мадымов
2. Тарих пәнінің мұғалімі Әділбек Баймоллаев
3. Музыка пәнінің мұғалімі Айым Нахысбекқызы Қалқашева
1-жүргізуші: Бүгінгі кешке қатысатын Аналарды ортаға шақырайық.
Алдыңызда ән салар
Аяулы біздің аналар
Тамылжытып, ән салар
Бәрімізді тамсантып! – дей келе ортаға Нүрия апайды шақырамыз.
2-жүргізуші: Ән шырқайды қалықтатып
Жұртты өзіне қаратып
Гүлназ апай әнсалар
Бәрімізді тамсантып!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.35 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |