Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш өңдеу .

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты: матаның түрлері мен қасиеттері, алжапқышты көркемдік өңдеу түрлері  туралы білімдерді қайталап, тереңдету.

 

Білімділік: мататану және бұйымдарды жасау бөлімдері бойынша білімдер мен біліктерді тереңдетіп, бекіту.

Дамытушылық: күрделі мәселелер арқылы шығармашылық белсенділікті дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас, ойын, ойын.

Сабақ барысы

1.     Сәлемдесу.

2.     Оқушыларды түгендеу.

3.     Сыныпты топтарға бөлу.

Саламатсыздар ма құрметті, оқушылар, қонақтар. Біздің сабағымызда сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Бүгінгі сабағымызға 6 сынып қыздары қатысып отыр.  Сіз технология пәні сабақтарында алған білімдеріңізді көрсете аласыз. Бүгінгі ойын сабағымызда сендерге сәттілік пен табыс тілеймін.

 

Әділ-қазы алқаларын таныстыру.

 

Бірінші сайыс

«Сәлемдесу» сайысы.

 

1.     Әр топтың өз топ атауларын айтады.

2.     Әр топ өз ұрандарын айтады.

Екінші сайыс

«Шынығу» сайысы

 

1.     Әр топ  бүгінгі сабақ тақырыбына  байланысты өңдеу, көркемдік  өңдеу  5 минут ішінде ең көп сөз жазу керек.

 

Үшінші сайыс

«Сергіту» сайысы

 

Әр топ мүшесі тақтаға шығып жұмылған көзбен алжапқыштың суретін салады.Топ мүшелері сөзбен көмектесуге болады. Қай топ мүшесінің суреті алжапқышқа көбірек ұқсаса сол топ ең көп ұпай жинайды.

«Сұрақ-жауап» сайысы

 

1 топқа қойылатын сұрақтар

 

1.     Алжапқыштарды қай уақытта киіледі?

2.     Алжапқыштар қандай маталардан тігіледі?

3.     Өсімдік талшықтарын ата?

4.     Көшірме тігісі қай уақытта қолданады?

5.     Қандай өлшемдер жартылай ораммен жазылады?

6.     Жібек талшығы дегеніміз не?

7.Тігіс дегеніміз  не?

                                  2 топқа қойылатын сұрақтар

 

1.     Ұзындық өлшемі қалай жазылады?

2.     Алжапқыш неше бөліктен тұрады?

3.     Көктеу тігістері қай уақытта қолданылады?

4.     Машина тігістерін ата?

5.     Жүн талшығын  ата?

6.Өлшем қалай алынады ?

      7.Алжапқышқа керекті өлшемдерді  ата?

 

3 топқа қойылатын сұрақтар

 

1.     Матаның оң жағын қалай анықтайсыз?

2.     Алжапқышта қандай қалталар болады?

3.     Тігін машинасының түрлері қандай?

4.     Торлау тігісі қай кезде қолданылады?

5.     Жабық қиық шет тігістері қай уақытта қолданылады?

           6.Өсімдік талшығы дегеніміз не?

7.Матаның неше жиегі болады?

 

Сәикестендіру  тесті.

Белдің жарты орамы қалай жазылады

 

Үтектеу

Ылғалды жылумен  өңдеу

 

Ұзындық

Сызба тұрғызу үшін

 

БЖо

Қандай өлшем толық жазылады

 

Жапсырма

Қалта түрі

 

Өлшем алу қажет

 

«Сән көрсету» сайысы

 

        Әр топ мүшелері өздерінің тіккен алжапқыштарын әділ-қазы мүшелеріне көрсетеді.

. Сабақты қорытындылау: Жеңіспаздарды анықтау. Оқушыларды бағалау.

. Жұмыс орнын жинау.Оқушылар өз ойын стикерге жазып жапсырады.

 

.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.19 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 153

Похожие материалы