Сабақтың тақырыбы: «Алтын нұрлы анашым»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  «Алтын нұрлы анашым»

Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;
анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер,шарлар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Құрметті асыл аналар, қыз қызғалдақты қадірлі апайлар!!
Қар асытынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, аналар мерекесіде келіп жетті. Бәйшешек соншалықты нәзіктігісіне қарамастан, қалың қардың астынан бұршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. «Алтыннұрлы Анашым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Жібек:

Мерекеңіз құтты болсын анажаным,
Өзіңменен атып келед әрбір таңым.
Өмірде сенен асқан жан бар ма екен,
Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.

Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Анашымның еркелеткен сөзінен.
Еркем, күнім деп қана күліп жүрсең,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем.

Нұрдәулет:

 Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

Гүлсая:

Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Жалғызым жанашырым жаным анам,
Ойласам сенсіз менің күнім қараң.
АЛЛА - ға мың шүкірлік етемін мен,
Қасымда әрқашанда болса анам.

О.Жандос:

Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.

Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.

Мұғалім:

Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз!

Хор: «Анашым»

Аида:

Тыңдап қызық ертегіні,
Жайдым орман желкенімді.
Ән айтамын әже өзіңе,
Болсыншы деп сен көңілді.

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі. 

Бекзат:

Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға

Сый тартамыз бағалы

Әдина:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-

Мансур:

Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам! 
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ анам! 

Мұғалім:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

 Аласы бар адамның анасы бар.

 Мерекесін құттықтап аналардың,

 Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән: «Көктем келді», орындайтындар: Жалғас, Нұржайна, Айдын, Ақкербез, М.Жандос

Аружан:

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.

Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.

Айбек:

Достықты біз ойлаймыз, 
Бірге күліп –ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап, 
Мерекесін тойлаймыз!

Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам

Амина:

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден,
Анаға сыйлаймыз.

Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен! 

Жұбаныш:

Менің әжем, гүл әжем.
Алтын әжем, күн әжем.
Ана үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі - әжем.

Менің әжем, жыр әжем.
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман – есен жүр әжем

Мұғалім:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

 Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

 Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға «Қамажай » биін қабыл алыңыздар

Жалғас:

Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұржайна:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрің берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мұғалім:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

 Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

 Қалайша аяулы ана тына алармын

 Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Ән: «Тұлпарым» орындайтын Айдын

Талғат:

Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

Мәпелейсің мені анам,
Қолындағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

Шәкәрім:

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.

Ақкербез:

Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қатем болса кешірген,
Еркелетіп өсірген
Анам саған бас ием!

Менің анам шуағым,
Айтқандарын ұғамын.
Мен өскенде анамдай,
Ақылды боп шығамын

М.Жандос:

Аналарды сүйеміз,                        Әлпештеген баласын

Сөзін ойға түйеміз,                       Ана – бақыт, ана – күн,

Әжені де ардақтап,                      Әркім сүйіп баласын,

Әдеппен бас иеміз.                       Мақтан етер анасын!

Мұғал

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 274.3 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 153

Похожие материалы