Сабақтың тақырыбы : Біріккен сөздер

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік: Оқушыларға сөз тұлғасы және біріккен сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру,Мысалдар арқылы түсіндіру.

2)дамытушылық: ой-өрісін ,сөйлеу шеберлігі,тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,ойқозғау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кестелер, семантикалық карта

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңін жүргіземін.

2) Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар.

"Ой қозғау" стратегиясы

Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?

Тілдің негізгі байлығы не?

Сөздер қалай жасалады?

Сөзге қосымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді?

Етік+етікші-аяқкиім- етік тігетін адам.

Бұл сөз жасаудың қандай түрі? (Туынды сөз)

Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)

Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші – еңбекақы

3 .Жаңа сабақ:

Оқушылар жаңа сабақты меңгерту, мағынаны ашу үшін ертегімен бастау.

Ертеде бір Сөзстан деген ел болыпты. Осы елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – Күрделі сөздер екен. Оның үш ұлы болыпты. Бірінші ұлы – біріккен сөздер, екінші ұлы – қос сөздер, үшінші ұлы – қысқарған сөздер.

Күрделі сөздер дегеніміз не?( ережесін сұрау)

Ендеше осы күрделі сөздердің бірінші баласы – біріккен сөздермен танысайық ( оқушыларға тақырыпты дәптерлеріне жазғызу)

Ережесін айту

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа және сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоқс және он-ан), бір ұгымның ғана атауы болып тұр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлгалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас),басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;

8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар:баспасөз,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал

9)мезгілге байланысты

атаулар:биыл,бүгін,қыстыгүні,жазгытұрым,күздігүні,т. б.;

10) белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,ештпеңе қайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.

Сөзжұмбақ шешу:

  • 1.Бір түбірі тағам сөзімен мәндес, екінші түбір тағам пісіретін ыдыс аты.
  • Ол қандай сөз? (Асқазан)
  • 2.Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі айтылған сөз ол ненің аты? (Итмұрын)
  • Берілген біріккен сөздерге сөйлем құрап жаз: аққұтан, көкжиек, шекара.
  • Дәптермен жұмыс:
  • «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме жазу. Біріккен сөз келетін аң – құстарды қатыстырып жазу.
  • Семантикалық картамен жұмыс

Сабақты бекіту:

  • 1)Окушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалборыс,Ақшұқыр, Гүлдана, асқазан, алтыбақан, ақсақал, бірнеше, күздігүні
  • 2)Сауаттылығын тексеруге арналған сөйлемдер.
  • 3)Бесатар белдескенде де керек, алыстан жаумен тілдескенде де керек.
  • 4)Жақсылықты көп қуған, Бақ-дәулетке молығар.
  • 5)Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай. (Абай)
  • 6)Жаздыгүні шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек ұзарып өсіп толғанда. (Абай)

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 67-жаттығу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Үйде өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттерді пайдаланып, біріккен сөздерге мысал тауып жазу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.57 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 135

Похожие материалы