Сабақтың тақырыбы: « Ертегілер әлеміне саяхат»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:       « Ертегілер әлеміне саяхат»

 

Мақсаты:            1.Балаларға ертегілерді қайталата отырып, ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиетін білуге, ертегі мазмұның еркін айта білу, ертегілердің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.                                                                    

2.  Балаларды ойын арқылы тапқырлыққа , өз ойын айту, сөздік қорын дамыту,ертегілерге қызығушылығын арттыру.

3.  Балаларды ертегі арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: Ертегілердің суреті, үнтаспа, аңдардың суреті,оқулықтар.

Пән-аралық байланыс: Сурет, ән-күй, тіл дамыту

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың түрі: Аралас

 

                       Сабақтың барысы:

I.                 Ұйымдастыру  кезеңі.( Балалар қонақтармен

Амандасады , ауа-райын сұрау, жыл мезгілдерін,1 жылда неше ай бар, 1 айда неше күн бар, 1 аптада неше күн бар, апта аттарын атау,) Жылулық шеңбері. «Менің сүйікті ертегім»

II.             Ән-ұран айту.

III.         Кіріспе.

-Балалар қарандаршы тақтаға, тақтада нелер ілініп тұр?

- ертегілердің суреті, жақсы, ендеше балалар бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.Осы уақытқа дейін көп ертегілер, әңгімелер, өлең- тақпақтар, жұмақтармен, олардың суретін салып, бейнелеуге үйрендік. Қане есімізге түсірейікші? Балалар білген ертегілерін айтады,

- Саяхатқа шықпас бұрын көлігімізді дайындап алайық,

- Қандай көлікпен барамыз?

- Ұшақ, машина, т.б

-  Балалар ,біз орманға саяхатқа келдік, Балалар менің қолыма қарандаршы?

- Қолымдағы жай таяқ емес, сиқырлы таяқ

- Орманда нелер болады? Аңдар

- Ендеше балалар менің қолымдағы таяқ  сендерді орман аңдарына айналдырады(әр баланын басынан айналдыру)

- балалар сендер ертегі кеіпкері болдыңдар, енді әр аң өзіне мінездеме береді.

- балалар сөйлейді, қоян, түлкі, аю, қасқыр,

- жақсы

- енді тақтаға қарап ертегіні мазмұндаймыз,

- бауырсақ ертегісі, Мақта қыз бен мысық, бәйге, жеті лақ, алтын балық, шалқан т.б

III. Сергіту сәті. Сұр қоян. Аю.

 

IV.Ертегілерді құрастырып, суретін бояу.

 

V.Ойын кезеңі .    « Кейіпкерлерді тап»

    Мақсаты: Балаларға  суреттерді көрсете отырып ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.

 

VI. Көрініс қою. Ұнаған ертегіні қысқаша көрсету.

 

VII.Қорыту.  – Балалар біз көлігімізге отырып тобымызға келейік. Сонымен біз орманға саяхатқа шықтық, сендерге ұнады ма? – жауап

-        Жақсы. Балалар енді біз қонақтарға ән шырқап берейік. Ән « Ертегілер, Қошақаным»

-        Келгендеріңізге көп рахмет!

-        Сау болыныздар!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.96 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 122

Похожие материалы