Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздіктің бастамасы.
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Биссембаева Асылхан Сарсембаевна
|
Күні:
Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздіктің бастамасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік;
1986 жылғы Желтоқсан Оқиғасының халқымыздың азаттық күресі тарихында алатын орнын ұғындыру, желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастарының ерлігі , отансүйгіштік қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық; Қосымша тарихи материалдарды пайдалану, оқушыларды өзідігінен іздендіруге,білімін шыңдауға үйрету.
Тәрбиелілік
Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы;
Әдісі: топпен жұмыс
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайд, бейне материалдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Әнұранды орындау,
Оқу құралын тексеріп,оқушылар зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақтың жоспары:
Мұғалімнің сөзі;
Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік халқымыздың сан ғасырлық арманы. Елбасы Н.Назарбаев « Қазақ халқының тарихында біз ұялатындай оқиғалар жоқ» деп атап айтты. Себебі қазақ халқы тәуелсіздік жолында 400-ге жуық ұлт- азаттық көтерілістер жасаған.
-Балалар еліміз тарихынан қандай ұлт-азаттық көтерілістерді оқыдыңдар?
І.Ойтолғау. (оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашу.)
2.Ұлт азаттықты аңсаған қандай көтерілістерді білесіңдер?
«Желтоқсан» бейнетаспасын көрсету; 17- желтоқсан өлеңін оқу.
2. Желтоқсан оқиғасының болуына не түркі болды?
3.Көтерілістің барысы туралы және қандай естеліктерді айта аласыңдар?
ІІ.Ізденіс бөлімі; « Желтоқсан құрбандары»
(Әр топ өзіне тапсырылған қаһарманы туралы жинаған мәліметтерімен таныстырады.)
І- топ
».Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков.
1. Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаяны.
2. Студенттік шағы
3. Желтоқсан оқиғасына қатысуы.
4. Қайраттың хаттары.
5. Қайраттың ақтық сөзі
ІІ-топ
Желтоқсан қызғалдағы-Ләззат Асанова.
1. Ләззат Асанованың өмірбаяны
2. Ләззаттың желтоқсан оқиғасына қатысуы
3. Ләззаттың анасының қызын ақтауы және жоқтауы .
ІІІ- топ
Желтоқсан қызғалдағы- Сабира Мұхамеджанова
1. Сабира Мұхамеджанованың өмірбаяны.
2. Студенттік шағы.
3. Желтоқсан оқиғасына қатысуы.
4. Сабира туралы естеліктер.
ІҮ-топ
Желтоқсан құрбаны- Ербол Сыпатаев.
1.Ербол Сыпатаевтың өмірбаяны.
2.Ерболдың желтоқсан оқиғасына қатысуы.
3. Ерболдың ақталуы.
Сабақты бекіту;
( Жетекші сұрақтар арқылы оқушылардың ой-пікірлерін білу.)
1.Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қандай болды?
2. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы не айтасыңдар?
Сабақты қортындылау;
Желтоқсан көтерілісі-Тәуелсіздіктің бастауы болды.
Тәуелсіздік- ұмыт қалған
тілімізді,дінімізді,
әдет-ғұрпымызды,тарихымызды жаңғыртты.
Тәуелсіздік-Қазақстанды әлемдегі елдерге танып,көк байрағымызды
БҰҰ-да желбіретті.
Білімдерін бағалау;
Үйге тапсырма; Желтоқсан оқиғасы туралы материалдар жинақтау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 31.15 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |