Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік 6 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация. Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру. Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»

Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.І -айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына: 1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Тұлпар» тобына: 1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?

2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?

3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?

4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата

5. Жалпы есімдер қалай жазылады?

6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?«Болашақ» тобына:

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?

3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс.

4. Зат есім дегеніміз не?

5. Сан есімнің сұрақтары.

6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата.

ІІ айналым «Құпия сандық»

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

1-топ: Қырық екі дос-жаран

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

2-топ: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.

3-топ: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. 1-топ:Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.

2-топ:Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен.

3-топ: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. 3-топқа бірдей: Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп.

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

1. Кей адам әдет қылған киікті атып,

Мүйізін пайда қылып шетке сатып.

Сандалған бір киікке ұшырастым,

Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.

2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.

- Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

IV айналымды бастаймыз

«Айшықты сөздер»

1.Төбесі көкке жетті

2. Ине шаншар жер жоқ

3. Қой аузынан шөп алмас

1.Қабағынан қар жауды

2. Бетінен оты шықты

3. Ит өлген жер

Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады.

1. ... өріп тараған,

... қараған.

Құрт пен майын жинаған,

... сыйлаған.

2. ... қошақан ,

... қалмайды.

Сүп-сүйкімді момақан,

... аумайды.

3. ... бала әрқашан,

Қуантады ... .

Құлыным деп анасы,

... баласын.

Ән. Халық әні.

Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Марапаттау.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 20.35 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 152

Похожие материалы