Сабақтың тақырыбы: Кішіпейілдік. Жұбан Молдағалиев

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Кішіпейілдік. Жұбан Молдағалиев

 

Сабақтың мақсаты:

1.                Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін тануға, қарым-қатынас жасаудағы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға көмек беру.

Мәтіндегі басты кейіпкерлер туралы мағлұмат алу арқылы кішіпейілділіктің әркімге тән екенін ұғындыру.

2.                 Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту арқылы, тіл байлығын арттыру.

3.                Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір-бірімен тіл табыса білуге, бірін-бірі сыйлауға үйрету.

Сабақтың көрнектілігі: басты кейіпкерлердің суреттері, кітаптары.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

I.                  Қызығушылықты ояту.

Сабақты оқытушылардың өздерін өздері қаншалықты жақсы көретіндерінен бастау.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

 

Өлеңді оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау.

Өлеңнің соңғы жолдары арқылы адам бойындағы жақсы және  жаман қасиеттерге мінездеме беру.

 

«Топтастыру» арқылы  « кішіпейілділік » сөзіне түсініктеме беру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 28.5 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 193

Похожие материалы