Сабақтың тақырыбы: Үлкенге құрмет,кішіге іззет.6-сынып.
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бисенгулова Фатима Абуталиповна
|
Сабақтың тақырыбы: Үлкенге құрмет,кішіге іззет.
Сабақтың мақсаты : «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
— сыйластықты қарым — қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
— үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. (Музыка әуені) Балалар көздерін жұмады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Әңгімелеу
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс — әрекетті айтамыз?
1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей — ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2 — оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір — бірімізге кешірімді болу керек, ол да — әдептілік.
Үй тапсырмасын тексеру
Әдептілікке , сыйластыққа қатысты мақал-мәтелдер жазып жаттап келу болатын
3.Дәйексөз
«Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы)
Құрмет — үлкен адамдарға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет — үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Өзің сыйласаң, сен де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы болып өтерсің. «Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» деген сөздің мағынасы осы.
4.Мұғалім сыйы «Кісілік — кішілік» өлеңін оқып береді
Көп ойланып есебі,
Келсе керек білгісі.
Сөз сұрапты деседі
Қариядан бір кісі:
— Уа, қария, данамыз,
Алайық бір түсініп.
Үлкендік деп ұғамыз?
Дейміз нені кішілік?
— Ағайынмен, досымен,
Тату болса ісімен.
Санаспай-ақ жасымен,
Сыйлас болса кісімен;
Кезек күтіп сөйлесе,
Көрсетсе ізет, білгендік.
Кеуде кере келмесе,
Сол — Кісілік — үлкендік.
— Сіз үлкендік дегенмен,
Басқаша ұқтық мұны біз.
Мәмілешіл бар елмен
Кішілік қой мұнымыз.
— Жөн-ақ өзің аңдасаң,
Сөздің мәнін түсініп.
Ұйқасады әрқашан
Кішілік пен кісілік.
— Балалар, өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер.
— Кішілікке тән қасиеттерді іріктеп айтыңдар.
Балалар, ата, әжелерің сендерге қандай ақыл-кеңестер айтады?
— Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіңдер?
Мәтінмен жұмыс «Рақмет, ата» әңгімесі.
Баламның амандығын біліп,немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды.
Қасына келіп:
— Бұл жерде неғып тұрмың? — дедім.
— Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
— Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
— Гүлнар.
— Кімнің баласысың?
— Әжемнің баласымын.
Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.
— Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! — деп жүзіме қуана қарады.Кіп кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.
— Балалар, Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кішіге қамқоршы екенін қандай іс-әрекеттерінен аңғаруға болады?
— Атай Гүлнарға қандай ізеттілік көрсетті?
— Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарға қандай құрмет көрсетесің
Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын —
2. Кішкене баланы —
3. Құстарды —
4. Қыз баланы —
5. Сабақтан —
6. Үйге жүгіріп —
7. Үлкен кісіні —
8. Оқу – құралдарын —
9. Сыныпта айғайлауға —
10. Ысқыруға —
11. Құстың ұясын-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушылардың адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін бекіте түсу үшін
сыныпты топқа бөліп, тапсырма беру
І топ- «Үлкенге құрмет- кішіге ізет» әңгіме құрастыру
ІІ топ- Әдептілік тақырыбына мақал-мәтел құрастыру
ІІІ топ «Қайырымды бала.Ол кім?» топтастыру
Топпен ән айту « Біз бақытты баламыз»
Үй тапсырмасы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Соңғы тыныштық сәті Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады.Б алалар денемізді бос ,ыңғайлы етіп ұстап, көзімізді жұмамыз.
Айдын,шалқар көлді елестетіңіздер.Алыста бір қайық жүзіп барады.Көл беті тып-тыныш,ескектің даусы ғана естіледі.Самал желге толы таза ауаны кеудемізді толтырып жұтайық.Енді көзімізді ашсақ та болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 59.36 Kb |
Количество скачиваний: | 104 |