Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшекті көбейту және бөлу (7 сынып)
| Предмет: | Математика |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Магзум Нурланбек Магзум
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу алгоритмін қолдана білуге, қасиеттерді білуге үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектеррді көбейту мен бөлу кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:
• Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин)
• Миға шабуыл
• Проблемалық әдіс
• Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап және талдау, рефлексия
Сабақтың типі:
Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: информатика, логика
Сабақтың көрнекілігі:
Тірек-сызба, карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.
Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын талаптар :
Нені білу керек:
- Рационал бөлшектерді қосу және азайту
- Алгебралық бөлшектердің көбейтіндісін және бөліндісін қалай табу керектігін білу.
- Рационал бөлшектерді қалай түрлендіруге болатынын үйрену.
Нені меңгеру керек:
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу, натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана білу.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 34,1 КБ |
| Количество скачиваний: | 15 |