Сабақтың тақырыбы: "Сфералық айналар" (8 сынып)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жусипназарова Гулмайра Макуакызы
|
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
Сфералық айналар
Мектеп: НЗМ
Уақыты:
Мұғалім:
Сынып: 8
Оқушы саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың оқу мақсаттары
- сфералық айналардың көмегімен алынатын объектінің кескінін алуды көрсету үшін сәулелік диаграмманы сызу;
- сфералық айнаның көмегімен
алынған кескінді сипаттау (жалған және шын, тік және төңкерілген, кішірейтілген және үлкейтілген);
4
Оқыту нәтижелері
Оқушылар орындай алады:
сыну теориясында қолданылатын терминдерді анықтау, оның ішінде: түсу бұрышы, сыну бұрышы және сыну көрсеткіші;
Оқушылар орындай алады:
жарық сәулесі бір ортадан екінші ортаға өткенде, оның жолын ауызша немесе жазбаша сипаттау;
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология
сыну, түскен сәуле (түсу сәулесі), сынған сәуле (сыну сәулесі), түсу бұрышы, сыну бұрышы, ортаның сыну көрсеткіші, орта/орта, көрінерлік бөліну шекарасы, нақты шыққан сәуле, кескін, ауыспалы бұрыш, толық ішкі шағылу (ТІШ), сфералық айна, ойыс, дөңес, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік, сызықтық ұлғаю, фокус аралығы, виртуалдық, вертикалдық, кішірейтілген, жиналған, шашыраған.
Жазық айна
flat mirror
Плоское зеркало
Сфералық айна
spherical mirror
Сферическое зеркало
Шынкескін
Real image
Действительноеизображение
Жалғанкескін
Virtual image
Мнимоеизображение
Диалогқа/жазуға қажетті сөз
тіркестері
Екі әртүрлі ортаның кездесу орны ортаның бөліну шекарасы деп аталады.
Жарықтың барлық сынуы (және шағылуы) бөліну шекарасында жүзеге асырылады.
Сынған сәуле бөліну шекарасында өз бағытын өзгертеді.
Бір ортадан екінші ортаға өткен жарықтың бағытының өзгеруі, толқын ұзындығының және жылдамдығының өзгеруімен байланысты.
Көрінерлік жарық ауадан шыны сияқты ортаға өткенде, онда жарық жылдамдығы кемиді.
Жарық бөліну шекарасынан (ауадан шыныға) өткен кезде сынады, ол кезде жаряқ баяу қозғалатын болады.
Түсу бұрышы түскен сәуле мен нормальдың арасындағы бұрышқа тең.
Сыну бұрышы сынған сәуле мен нормальдың арасындағы бұрышқа тең.
Сыну көрсеткіші (n) sin i/ sin r= const тең, мұндағы тұрақты сыну көрсеткіші ретінде анықталады.
Қысқаша
шолу
Бұл тарауда оқушылар қарапайым эксперименттер мен бақылаулар арқылы жарықтың қасиеттерін зерттеуді жалғастырады. Ең бастысы олар бұл процестің айналық бетте шағылатын шағылудан мүлдем басқа екенін білулері қажет. Бұдан кейінгі зерттеулер жарықтың ТІШ үшін қажетті шарттарды оқып үйренуге арналады. Олар жарықтың өтуін «баяулату» үшін шыны блоктарды, сондай-ақ дәл сондай әсер беретін басқа мөлдір объектілерді, мысалы, суы бар стаканды, органикалық шынының қырларын пайдаланатын болады.
Жоспарланған іс- шаралар
Ресурстар
(D) Қисық айналардың көмегімен оптикалық иллюзияларды демонстрациялау.
(G) (E) Оқушылар линзалар туралы түсініктерін қолданып, өздері сфералық айналардың эффектілерін зерттеулері қажет. Ойыс және дөңей сфералық айналарды оқып үйренеді.
(P) Сфералық айналарда алынатын кескінді алу үшін оқушылар дөңес линзалардың көмегімен алдыңғы сабақтарда анықталған сәулелерді пайдаланып, сәулелік диаграманы сызулары керек. Сондай-ақ, кескіннің сипаттамасы анықталуы қажет.
(I) Ойыс және дөңес айналарда алынатын барлық кескіндер туралы ақпаратты жинайтын жұмыс парағын ойластырыңдар.
Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар. Сфералық айналар ойыс және дөңес болып бөлінеді.
Сфералық айнаныӊ фокустық қашықтығы оныӊ сфералық бетініӊ радиусыныӊ жартысына теӊ.
Сфералық айналар ойыс (а) және дөңес (б) болып бөлінеді.
Ойыс сфералық айналар, қызыл мәрмәр, кішірек қатты қағазды қорап (5 см және одан жоғары), қорапты тұрғызуға арналған тұрғы, оқуға арналған кішкентай шам, ермексаз
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/optical-illusion-concave-mirror
Ойыс және дөңес айналар, әртүрлі радиусты шағылдырғыш бер ретінде қолданылатын иілмелі жылтыр пластикалық жолақтар, сәулелерді алуға арналған қорап, төмен кернеулі қоректендіру жүйесі
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/cylindrical-mirror-aberration-and-caustic-curve
Р нүктесі- сфералық айнаның орта нүктесі (айна полюсы). С нүктесі- сфералық айнаның оптикалық центрі. R – сфералық айнаның радиусы. F нүктесі - сфералық айнаның фокусы. Ойыс айнада шын фокус (а), дөңес айнада жалған фокус (б). Сфералық айнаның оптикалық центрі және полюсы арқылы өтетін түзу (СP) сфералық айнаның бас оптикалық осі деп аталады.
Сфералық айнаның фокусы (FP=F):
Сфералық айналарда кескіндерді алу
(D) Оқушыларға ойыс айнада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреміз. Пайда болған кескінді сипаттаймыз.
Тапсырма №1
Нәрсе ойыс айнадан екі еселенген фокустан үлкен (d>2F) болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Тапсырма №2
Нәрсе ойыс айнадан F<d<2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Тапсырма №3
Нәрсе ойыс айнадан d=2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Тапсырма №4
Нәрсе ойыс айнадан d<F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
1) d>2F болса, кескін шын, төңкерілген, кішірейтілген болады
2) F
3)d=2F болса, онда кескін шын, төңкерілген, нәрсеніӊ өзімен теӊдей болады
4) d<F болса, онда кескін жалған, тура, үлкейтілген болады.
Дөӊес сфералық айналардыӊ қолданылуы
Дөӊес сфералық айналар тек қана жалған, кішірейтілген, кескін береді.
Дүкендерде ұрлықтыӊ алдын алу
Автотұрақтарда, көше қиылыспаларында
Автомобильдердіӊ сыртқы айнасында (әдетте оӊ жағындағы) және фараларында.
Стандарт бойынша жеӊіл автомобильдердіӊ айналарыныӊ кисықтық радиусы 1200 мм ден кіші болмауы керек, ал жүк автомобильдері үшін 1500 мм.
Ойыс сфералық айналардыӊ қолданылуы
Ойыс айналар көптеген жағдайда жарық сәулесін жинақтау үшін қолданылады.
Ойыс айналарды стоматологтар қолданады
Кері байланыс
Қосымша ақпарат Теориялық материалды оқу
Рефлексия W- толық сыныппен жұмыс жасау :
Нәтижені талдау және тапсырманы бәрінен де жақсы орындаған оқушыны марапаттау.
Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін білу.
Сабақтың мақсаты /оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба?
Мен уақытты сақтадым ба?
Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім?
Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және
үйренуге қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма
қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 416.56 Kb |
Количество скачиваний: | 149 |