Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сарсенова Гүлбаршын Құрмашқызы
|
Бала би мен Сырымның шешендік сөздерінен кейін сабақтың басында төрелік айтқан кітап мәселесіндегі шешімдеріңді өзгертер ме едіңдер? Мүмкін кітаптың ағып кетуіне үшінші біреу кінәлі шығар? ( Оқушыларға ойлануға мұрсат беру. Егер үшінші біреу – жел немесе тас кінәлі болса, екі бала ренжіспей қайтар ма еді... Даудың мұндай шешімі оқушыларды кешірімді бола білу керек деген идеяға әкелер еді. Бірақ балаға мұндай шешімді еркінен тыс тануға болмайтынын білуіміз керек. Дегенмен, осындай ойдың шығуына негіз қаланса, тіпті тамаша. )
Қазақ халқы осындай асыл сөздерге құлақ түріп, жаттап алып, ауызша таратқандықтан, бұл сөздер ауыз әдебиетіне жатады.
Сабақ басындағы « сөз » топтамасына қайта оралып, асыл сөздің құнына қорытынды ой айтылуы керек. ( Яғни, сөз – асыл, ойлы, жұмбақ, терең ойлы, біз ойлағаннан да қиын ).
Шешендердің сөздерінен үйге жаттауға тапсырма беруге болады.
Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды мен өз жоспарлауыма қарай қолданамын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 66.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |