Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөйлем түрлері.
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Маныбаева Асем Зейнелгабиденовна
|
Ашық сабақ 6 –сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөйлем түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп, түсініп оқуға төселдіру.
3. Оқушыларды әдептілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, үлестірмелі кеспе.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаттығу жұмысы
Бүгінгі сабағымыз 1, 2, 3, 4 деңгейлік тапсырмалармен өтеді.Әр деңгейде өз тапсырмалары бар. Келесі деңгейге көтерулерін үшін әр деңгейдегі тапсырманы дұрыс орындау керексіңдер.
І деңгей «Мен бастаймын сендер жалғастырыңдар»
І. Теориялық тапсырма
Сөз дегеніміз не?
Сөз зат ....(немесе құбылыс) Сөздер жеке айтылғанда бөлек атаулар, ал біріктірсек сөз тіркесі болып бір-бірімен байланысқа түседі.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем аяқталған ...(ойды білдіреді)
Сөйлем нешеге бөлінеді?
Сөйлем ...(екіге бөлінеді)
Сөйлем қандай әріптен жазылады?
Сөйлемнің бірінші сөзі...( бас әріптен жазылад).
Сөйлем нелерден тұрады?
Сөйлем...( сөздерден құралады)
Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Жай сөйлемдер айтылу мақсатына, дауыс ырғағына қарай: хабарлы сөйлемдер, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлемдер болып бөлінеді.
2-Тапсырма. «Салыстыр» қайсысы сөйлем, қайсы сөз тіркесі
Жаңа кітап, Мен дүкенге бардым. тәртіпті оқушы, спортпен шұғылдану, Сен оны танисың ба? өлең айту, күміс қасық.
Тыныш отыр! Алақай, қыс келді!
ІІ деңгей.
Практикалық жұмыс:
Теориялық білімдеріңді тексердік, енді алған білімдеріңді практикада қолдана алуларынды тексерейік.
4-тапсырма: Тыныс белгілерін дұрыс қойып, көшіріп жазыңдар.(кітаппен жұмыс 35 бет. 2 оқушы шығару)
Сабағыңды оқыдың ба?
Қазақ тілі кабинеті екінші қабатта.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Күн қандай тамаша!
Тез алаңға шығыңдар!
Мектептің ауласы қандай таза!
Театрға қашан барамыз?
Кешке жақын серуенге шығайық.
*Карточкамен жұмыс
Берілген сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып шық.
Ауылға біз түске таман жеттік. Олар барлық сұраққа тез жауап берді.Сөйлемді жазып шық. (б.с) Қап, мынау жығылды-ау! Қай бала?
ІІІ деңгей.
«Адасқан сөздер» (дұрыс сөйлем құрастыру)
бардым
жанды
сыныпта
Қызыл
Мектепке
оқисың
нешінші
мен
әттен-ай
Мен мектепке бардым. Нешінші сыныпта оқисың? Әттен-ай, қызыл жанды! Әке шаңғы әкелді.Алақай, әке шаңғы әкелді!
*Карточкамен жұмыс (Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар)
1. Тамаша, күн, бүгін, қандай
2. Орманда, өмір, аю, сүреді
3. Кітапханаға, барасың, ба, сен
4. Тапсырманы, жаз, дәптерге
ІV деңгей
1. 6-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.(кітаппен жұмыс43 бет)
2. «Қандай сөйлем?»
Сөйлемдерді оқу, оқушылар сөйлемге қандай тыныс белгісін кою керек екенін анықтап, қолдарындағы таңбаны көрсетеді. (. ? !)
1. 16- желтоқсан туелсіздік күні ме?
2. Анам дүкеннен келді.
3. Күн суытты ма?
4. Тыныш отыр!
5. Хатты тез жеткізіңіз.
6. Кең далам!
Сабақты бекіту
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
Тест
1.Сөйлемнің түрін анықта.
Гүлдей бер, туған жерім!
а) толымсыз
в) лепті
с) хабарлы
д)сұраулы
2. Хабарлы сөйлем:
а) Шіркін, Бурабай жері қандай сұлу!
в)Сен кеше жұмыста болдың ба
с) Ол қаладан әлі келген жоқ
д)Табиғатты аялайық
3. Сұраулы сөйлемнің соңында қойылатын белгі:
а) үтір
в) сұрақ
с) қос нүкте
д) нүкте
4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 1
в) 4
с) 5
д) 2
5. Сөйлемнің түрін анықта:
Табиғат тазалығын сақтаңдар!
а) хабарлы
в) лепті
с) сұраулы
д) бұйрықты
Тест
1.Сөйлемнің түрін анықта.
Гүлдей бер, туған жерім!
а) толымсыз
в) лепті
с) хабарлы
д)сұраулы
2. Хабарлы сөйлем:
а) Шіркін, Бурабай жері қандай сұлу!
в)Сен кеше жұмыста болдың ба
с) Ол қаладан әлі келген жоқ
д)Табиғатты аялайық
3. Сұраулы сөйлемнің соңында қойылатын белгі:
а) үтір
в) сұрақ
с) қос нүкте
д) нүкте
4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 1
в) 4
с) 5
д) 2
5. Сөйлемнің түрін анықта:
Табиғат тазалығын сақтаңдар!
а) хабарлы
в) лепті
с) сұраулы
д) бұйрықты
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.89 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |