Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өзіндік талдау

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.

Сабақтың мақсаты:

А ) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы жэне түбір мен қосымша жайлы толық түрде

түсінік беру.

Ә ) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін

дамыту, сауаттылыққа баулу.

Б ) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,

еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту,

сөздікпен жұмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты

түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Үй тапсырмасын сүрау.

а)Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.

ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.

б)Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

в) Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру,

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Түбір мен қосымша» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оган жаңа магына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол-дас-тық, сау-ын-шы деген сөздердегі -дас пен -тық, және -ын мен -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі-өн. Міне,осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 69-жаттығудың шарты мынадай: 1. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. 2. Мәтінде қандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Өздерің білетін оқигалармен байланыстырып әңгімелеңдер.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 70-жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма:71-жаттығудың шарты: Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Тапсырма: Қарамен жазылган сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.

Келесі тапсырма: 72-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 73-жаттыгудың шарты: Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.

Келесі орынбалатын тапсырма: 74-жаттығу. Бес макал-мәтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Қазіргі қазац тілі - көне түркі тілдік құбылыстардыц, заңдыльқтардың дені сол көне тілден бастау алады. Бұдан былай мен сендерге көне түркі тілінің айнасы - Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалық заңдылықтармен де таныстырып отырамын.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді де тұлғасына қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздер деп бес топқа бөлуге болады.

1.Түбір сөздер. Ескерткіштерде жалаң түбірден тұратын сөздер темендегідей болып келеді:

1)жалғыз ғана дауысты дыбыстан тұратын сөздер,мысалы ы - бұта (өсімдік): Ы бар бас асдымыз (Бұтасы бар шыңнан астық);

2)дауысты+дауыссыз дыбыстан тұратын сөздер: аз (аз), еб (үй), іч (іш);

3)дауыссыз +дауысты дыбыстан тұратын сөздер: бу (бұл), те (де, айт), ку (дыбыс),

т. б.;

4)дауысты және дауыссыз дыбыстар араласып келген сөздер: (апа),йурт(жүрт),
кіші(кісі), інгек(сиыр), будун (халық), қаған(каған, хан), т. б.

Туынды сөздер.Ескерткіштерде жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер де бар. Мысалы: айгучы (кеңесші), атлыг (атты), йерчі (жершіл), күчліг (күшті).

Міне, осылайша жаттығу жұмыстарын орындап, Орхон-Енисей ескерткіштері жайлы түсінік беріп болған соң қосымша сұрақтар мен тапсырмалар беремін. Пысықтауға арналған сұрақтар.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

Үйге тапсырма:74-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Бес мақал-мәтел тауып жазып, ондагы түбірге қосылған қосымшалардың


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 151

Похожие материалы