Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

8 сынып                                        

Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

Сабақтың мақсаты:  қайтымды және қайтымсыз құбылыстар ұғымын беру және оның салдары ретінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдау жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптерінің физикалық мәнінашып көрсету; оқушыларды іштен жанатын қозғалтқыштың құрылысы мен жұмыс  істеу   принциптерімен таныстыру; теориялық білімнің практикалық қолданымуын көрсету;

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.  Білімді жан-жақты тексеру.

ІV.  Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

1) Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

2)Изопроцестер дегеніміз не?

3)Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы.

4)ТД-ның бірінші заңынан туындайтын салдарлар.

5) Жылу қозғалтқыштары дегеніміз не?

6)Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптері.

7)Жылу қозғалтқыштарының түрлері.

V.  Жаңа материалды меңгерту:

1 .Табиғаттағы  қайтымсыз процестер (оқушылар оқулық бойынша өзбетінше оқып үйренеді).

Термодинамиканың бірінші заңы жылу процестері үшін энергияның сақталу және айналу заңы екендігі мәлім.

2.Жылу машиналары және техниканың дамуы.

Энергетиканың дамуы ғылыми техникалық прогрестің маңызды көрсеткішінің бірі болып табылады. ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп пен транспорттың қарқынды дамуы жылу машиналарының жасалуы мен оның жетілдірілуімен тікелей байланысты.

Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналар жылу машиналары деп аталады.

 

Іштен жанатын қозғалтқыштар

 

 

 

Жылу қозғалтқыштары

 

 

 

 

Турбиналар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизелді

 

Карбюраторлы

 

 

Бу машиналары

 

Газ

 

Бу

 

                                       

Жылу машиналарының тарихынан:

1698ж – анг.Т.Севери

1707 ж – фр.Д.Папен.                           Бу машиналары

1763ж – орыс И.И.Ползунов.

1774ж. – анг. Дж.Уатт

1860ж. – фр.Ленуар.                        ІЖҚ

1876ж. – неміс Н.Отто.          

1889ж. – швед К.Лаваль – бу турбинасы.

З.Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеуінің негізгі ерекшеліктері.

1) Отын энергиясы – механикалық энергия.

Осы кезде отынның энергиясы жоғары температураға дейін қыздырылған газдың немесе будың ішкі энергиясына айналады;

2)Температурасы әртүрлі екі дененің болуы: олар қыздырғыш және салқындатқыш деп аталады. Сонымен қатар жұмыстық дене (газ немесе бу) қажет. Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу процесінде жұмыстық дене қыздырғыштан қаңдай да бір Q1 жылуды алады және біраз бөлігін механикалық А жұмысқа айналдырады, жылудың Q2 қалған бөлігін салқындатқышқа береді.

Энергияның сақталу заңына сәйкес Q1= Q2+А

3)Кез-келген жылу қозғалтқышының жұмысы циклді. Әрбір цикл түрлі процестерден тұрады:

-    қыздырғыштан энергияны алу;

-    жұмыстық жүріс  (жұмыстық дененің ортаюы және  алынған энергияның бөлігІн механикалық  энергияға айналдыру);

-  пайдаланылмаған энергияның бөлігін суытқышқа беру;
Қыздырғыштың, жұмыстық дененің және салқындатқыштың болуы кез-келген жылу қозғалтқышының үздіксіз циклді жұмыс істеуінің принципті қажетті шарты болыл табылады.

Термодинамика заңдарының техникада қолданылуының бір түрі – ЖҚ-тары.

І. Жылу қозғалтқыштарының кең тараған түрі – іштен жанатын қозғалтқыш ОЖҚ).

2. Іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ)-тың құрылысы.

3. Іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ)-тың жұмыс істеу принципі.

4. Төрт тактілі, бір цилиндрлі ІЖҚ-тың жұмысы. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар және олардың артықшылықтары. ІЖҚ-тың қолданылуы.

VІ.  Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

1) §22,  §23 сұрақтарын талдау.

2)Оқулық бойынша жұмыс (ІЖҚ-тың әрбір тактісінде орындалатынпроцестерді жазу)

а)сору тактысы-  б)сығылу тактысы-  в)жұмыстық жүріс тактысы-  г)шығару тактысы-

VІІ.  Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту

VIІI.  Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §21, 22, 23

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 343.71 Kb
Количество скачиваний: 44
Просмотров: 159

Похожие материалы