Сабақтың тақырыбы: Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Предмет: | Обществознание |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абильмажинова Алия Каирнасова
|
Сабақтың тақырыбы: § 48. Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы жалпы түсінік беру.
Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық-жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: кесте, слайд, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру. (15 мин)
3. Жаңа сабақ. (20 мин)
4. Жаңа сабақты бекіту (4 мин)
5. Үй тапсырмасы. (2 мин)
6. Білімді бағалау. (1 мин)
Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексеріп, сабақты бастау.
Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ – жауап.
1. Бунақденелілер неліктен буынаяқтылар типіне жатқызылған?
2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
3. Бунақденелілер қалай көбейеді?
4. Көкқасқа шегіртке неге өте қауіпті зиянкес болып саналады?
5. Бунақденелілердің табиғатта ролі қандай?
Жаңа сабақ: Тікентерілілер- соңғы ауызды, көпжасушалы, екіжақты симметриялы теңіз жәндіктері. Ондай қасиет еркін жүзетін дернәсілдерінде сақталған. Ересек тікентерілілер сәулелі симметриялы болып келеді. Әктен түзілген ішкі үшкір ұштары денеден шығып тұратындықтан, тікентерілілер деп аталады. Мұндай өскіндер тікентерілілердің кейбір түрлерінде байқалмайды. Бұлар су түбінде тіршілік етеді. Олар баяу жылжып қозғалады. Кейбір түрлері су түбіндегі төсеміктерге бекініп, отырықшы қалыпта тіршілік етеді. Тікентерілілердің соңғы қуысы желілілерге ұқсас пайда болған. Мезодермалық қалталар ішектен бөлініп шығады. Соңғы ауыздың пайда болуы да желілілерге ұқсас. Даму барысында тікентерілілердің қарын тесігі бітеліп, аналь тесігіне айналады. Ал дернәсілде қайтадан ауыз пайда болады. Бұл тікентерілілер арғы тегінің төменгі сатыдағы желілілермен байланысты екенін болжауға негіз болып табылады.
Ғаламшарымызда 6000 түрі мәлім тікентерілілердің дене пішіні әр түрлі. Теңіз жұлдыздары, жыланқұйрықтар, теңіз рухгүлдерінің денесі бес тармақты. Теңіз кірпілерінің денесі шар тәрізді болады. Ал теңіз қияры күбі пішіндес созылыңқы болып келеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |