Сабақтың тақырыбы Үй құстары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шалабаева Жулдыз Бердибековна
|
Сабақтың тақырыбы: « Үй құстары»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тауық, үйрек, қазды айыра білу, балапан мен шөжені айыра білу; үй құстарын дала құстарынан айыра білу;
Тәрбиелік: үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту, күту, баптау туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру, салыстыру;
Көрнекіліктер: Компьютер, слайд «Құстардың пайдасы», құстардың суреттері, құс қорегі( бидай, тары, қарақұмық), қосымша әдебиет «Орыс халық ертегісі»
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
- Балалар,сабақ үстінде өздеріңнің тәртіпті, ақылды екендеріңді көрсетесіңдер деген сеніммен сіздерге сәттілік тілеймін.
2. Үй тапсырмасын тексеру
- электронды оқулықпен жұмыс
- мәтіннің мазмұнын сұрау;
3. Өткенді пысықтау
Сөзжұмбақ шешу:
қ
о
р
а
т
ү
й
е
1.Жыртқыш
с
и
ы
р
2.Түйенің сүті
3.Сүті мол үй жануары
4.Шөлге төзімді жануар
5.Малға су беретін астау қалай аталад?
6. Үй жануарларының жатын орны
-Тамаша, балалар, жаңа келе жатып, мен бір сиқырлы сандықша тауып алдым. Сандықта не бар деп ойласыңдар?
(мен тыңдаймын )
-Ия, қандай дауыстар естіп тұрсыңдар?
-Құстардың дауыстары, үй құстарының дауыстары....(тауық, әтеш, қаз, үйрек )
Қандай құстар екенін жұмбақтарды шешу арқылы тауып алайық.
Мұқият тыңдайық
Дүниеде бір молда,
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап
Қайтіп кеп жер шоқиды. (әтеш)
1. Қыт-қыт етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді. (тауық)
2. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
3. Суға түссе балықтай,
Жүзе берер жалықпай. (үйрек)
Балалар, сандықтан босатып алғандырыңыз үшін құстар сіздерге рахмет айтып жатыр.Енді бізге «Айнытпай сал» ойынын ұсынып тұр. Ойнаймыз ба?
Ол үшін маған ортаға ең жақсы оқи аламын деген оқушылар шықсын. (Балалар бастарына құстардың атрибуттарын киеді)
1.Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Айқайлауға келгенде
Алдына жан салмайды.
-ку-ка-ре-ку, -ку-ка-ре-ку
2.Қазым, қазым, қаңқылда,
Суда жүріп саңқылда.
Арпа, бидай шашайын,
Тойып алып қаңқылда.
-қаңқ, қаңқ
3.Шұбар тауық, ақ тауық,
Бола көрме қақсауық.
Жерден азық тап
Шөжелерді бақ.
- Қыт,-қыт,-қыт
4. Қауіп- қатер жоқ алда,
Малту керек оған да.
Жұмыртқадан шыға сап,
Жүгіреді тоғанға.
-бақ,-бақ,-бақ
-Жарайсыңдар, балалар! Тауық, қаз, үйрек, - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.
-Ал, адамдарға қандай пайдасы бар?
(слайд «Құстардың пайдасы»)
Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығынан жастық, көрпе, күртеше жасайды.
Жұмыртқа несімен пайдалы?
Жұмыртқалардың құрамында жадының жақсаруына әсер ететін және жүйке жүйесінің ауруларының алдын алатын полиқанықпаған май қышқылдары бар, көздің көру қабілетін жақсартатын лютеин бар. Ол қан тамырларының қабырғаларына шөгінділердің шөгуінің алдын алатын лецитинмен ағзаны қоректендіреді. Әртүрлі тағамдардың құрамындағыларды қоса алғанда, аптасына бес жұмыртқадан астам жемеген жөн. Ағуыздың өзін едәуір көп жеуге болады.
Ал, еті ше? Балалар, тауық, құс сорпасы өте жеңіл екен. Ол ағзаны қартайтпайды екен.
Сергіту сәті
Кел, тынығып алайық,
Құс боп қанат қағайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық. (құстар биін музыкаға билейді)
-Балалар, біз біле бермейтін, көп үйлерде кездесе бермейтін тағы бір үй құсы бар екен. Ол- басында айдары, үстінде күжірейген тоны бар күркетауық.
Күркетауық- үй құсы. Ол басқа үй құстарына қарағанда үлкен. Ол шамамен 9-11 кг болады екен. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен.
Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды. Жем талғамайды және жаз мезгілінде көбіне жайылымда болады.
Ал, балалар, біз құстар туралы көп нәрсе білдік деп ойлаймын.
Шығармашылық жұмыс
1-топ: Суреттен үй құсын тауып бояу
2-топ: Тауықтың шөжесін шикі сөкпен безендіру
3-топ: Ермексаздан әтеш бейнесін мүсіндеу
-Тамаша! (балалардың жұмыстарын салыстыру)
Сарамандық жұмыс
Балалар, мынау не ?
Бұл- қауырсын. Қаздың қауырсыны. Қаздың қауырсынының қандай қасиеті бар екенін білесіңдер ме? Оған су жұқпайды екен. (сарамандық жұмыс)
Және оны ертеде қалам ретінде сиямен жазуға пайдаланған екен.
(тауықтың қыт-қыттағаны естіледі)
-Мәссаған, балалар, мына сандыққа жаңағы шұбар тауық бізге де жұмыртқа туып кетіпті. Ол сиқырлы жұмыртқа екен. Сиқырлы жұмыртқа туралы қандай ертегі білеміз?
Ал, «Шұбар тауық » ертегісін білеміз бе?
(балалар суретке қарап ертегіні айтып шығады)
Бірақ жұмыртқаны бір-бір ауыз сөз айтып алу керек екен. (киндер сюрприз)
Қорытындылау:
1. Үй құстарына не жатады?
2. Оларды қалай күтіп бағамыз?
3. Олардың қандай пайдасы бар?
4. Жұмыртқа несімен пайдалы?
5. Суды жақсы көретін қай құс екен?
6. Жұмыртқаны көп беретін құс?
7. Құстар немен қоректенеді?
8. Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
9. Бүгінгі сабақта сен не білдің?
10. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйің қандай?
11. Кім өте жақсы қатысты деп ойлайсың?
Бағалау
Үйге тапсырма: Үй құстарының суретін салып келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 8.17 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |