Здесь была ссылка на работу Сабақтың тақырыбы:«Минералдық тыңайтқыштарды зерттеу» автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Минералдық тыңайтқыштарды зерттеу және олардың түрлерін анықтау арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру. 2.Түзету: Салыстыру, талдау, қорытындылау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Сарамандық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың бақылау, өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. 3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымды жұмыс істеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу. Сабақтың жабдығы: түтікшелер, су, сода, езілген бор, спиртовка, қасық. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен сәлемдесу, кезекші есебі. 2) Психологиялық көңіл - күй Алақанды ашайық Күннің шуағын салайық Жиналған жылу шуағын Қонақтарға шашайық Күлімсіреп бір – біріңе, жақсылық тілеңдер. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың. ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 1) Өткен сабақты еске алу үшін, тапсырманы орындаңдар: Тиісті торлардағы сандарға, әріптерді жазыңдар. -Дұрыс, біз өткен сабақта тыңайтқыш туралы өттік. 2) Сұрақтар: 1. Тыңайтқыш дегеніміз не? 2. Тыңайтқыштардың өсімдіктерге қандай пайдасы бар? 3. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар? 3) Тақтада жұмыс. 4) -Ал енді балалар, өткен тақырыпты қайталау ретінде біз екі топқа бөлініп сайыс өткізейік. Бірінші топтың оқушылары органикалық тыңайтқыштарды, екінші топтың оқушылары минералдық тыңайтқыштарды қорғайды. Органикалық тыңайтқыштар тобы қарсылас топқа сұрақтарды қояды: А) Берілген әріптерден құралған шаршының ішінен органикалық тыңайтқыштардың түрлерін табыңыз Б) Схеманы толтырыңдар: Қидың қандай түрлері бар? В) Кестені толтыра отырып белгілері арқылы органикалық тыңайтқыштардың түрлерін атаңдар. Минералдық тыңайтқыштар тобы қарсылас топқа сұрақтарды қояды: А) Негізгі минералдық тыңайтқыштарды атаңдар. Б) Кестені толтыр. Бірінші және соңғы әріптерді пайдаланып тыңайтқыштарды тап. В) Тест сұрақтары. ІІІ. Сергіту сәті. ІV. Жаңа тақырыппен және оның мақсатымен таныстыру. Жоспар: 1. Тыңайтқыштардың түрлерін және түстерін анықтау. 2. Суда ерігіш қасиетін анықтау. 3. Тыңайтқыштың қосымша қасиеттерін анықтау. V. Сөздік жұмысы. Түтікше – химиялық қоспалар мен ерітінділер дайындалатын шыны ыдыс Нашатыр спирті- мұрын жарғыш иісі бар спирт түрі (дәптерге жазу). VІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгінгі сабақта біз минералдық тыңайтқыштардың түрлерін анықтаймыз. Алдарыңызда лабораторлық жұмысқа қажетті минералдық тыңайтқыштардың жиынтығы. Зерттеу кезінде жұмыс қорытындыларын кестеге жазып отырамыз. Біз бұл кестемен сосын танысамыз. Зертханалық жұмыс Құрал-жабдықтар: түтікшелер, су, сода, езілген бор, спиртовка, қасық. Жұмыс барысы: 1.Тыңайтқыштардың түрлерін және түстерін анықтау 2.Суда ерігіш қасиетін анықтау Суы бар стақанға бір қасық тыңайтқыш сеуіп, араластырғаннан кейін, ерігіш қабілетін бақылау. Егер 2-3 минут ішінде тыңайтқыш ерісе, онда дәптерге : «Суда тез ериді» деп жазу керек. Егер 5-6 минут ішінде толығымен ерісе «Суда ериді» деп жазу керек. Егер 5-6 минут ішінде толығымен ерімесе «Суда жартылай ериді» деп жазу керек.