Салалас құрмалас сөйлем. 8 сынып
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Назымбекова Гульнар Абдикаримовна
|
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Елін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау жұмыстары.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, плакат, кеспе карталар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезі.
1.Оқушыларды тексеру.
2.Оқушыларды топқа бөлу.
Тілімді алса сұлтаным,
Бұл сапарға бармасын.
Бұл олжадан алмасын.
Көп жылады дегейсің,
Үйдегі нашар жолдасың!
Сұлтаныма сәлем де,
Тілімді алса бармасын,
Біз байлаған тұлпарда.
43 күндік кемдік бар?
Үзінді қай жырдан алынған? Қай тұлпар туралы айтылып тұр?(Тайбурыл)
Осы кезде шапқылаған ат дүбірі еміс – еміс естілгендей болды да, іле: «Қарағым, қарағым!» деген иесінің дірілдеген даусы дәл құлағының түбінен шықты.Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған ол сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағын төседі. «Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, бақыл бол!» деп кісінеген оның ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр.Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп түскенде, жан біткендей дір етті. Ақан аһ ұрып, он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты.
Үзінді кім туралы?(Құлагер)
Ертеңіне бұл хабарды естіген жайлаудағы жұрт, оны көру үшін жан – жақтан ағылып жатты.Соғыс әлі бітпеген, халықтың қам көңіл кезі ғой, бейне майданнан тағы бір жаралы жауынгер оралғандай ғаріп күйге түскен есіл жануарды көргенде, көздеріне жас алып, жыламаған ешкім қалмады.
Кімнің шығармасы? (Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»)
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 750 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |