Салтыңды біл, халқыңды сүй.
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Утегенова Гулнур Мамбеткалиевна
|
Тәрбие сағаты
І.Тақырыбы: Салтыңды біл, халқыңды сүй.
Мақсаты:оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, арғы бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ұлттық киімі, тағамы, төрт түлік малы, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, саятшылық дәстүрі, қазақ күнтізбесі, түс жоруы, жыл қайыруы, жеті ата жолы, жеті қазынасы, қазақ өлшемдері туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру.
ІІ.Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, қазақтың ұлттық бұйымдары.
ІІІ.Сабақтың барысы:
Ашылуы.
Мұғалім: -Әлемде той, мереке көп.Бірақ, Наурыз тойына теңесетін, Наурыз тойына дәрежесі жететін , Наурыз тойындай абыройлы, Наурыз тойындай тарихы ұзақ мереке жоқ шығар.Мұның бір кереметі сенің, менің жеке тойымыз емес,табиғаттың тойы.Күн мен түннің теңелген күні тойланатын айтулы мереке.Бүкіл жәндіктердің ұйқысынан оянып,жан-жануарлар мен адамдардың табиғат анамен табысып, оның мейірлім шуағына бөленетін, тіршілікке енетін нұрлы күн.
1-оқушы: Нұрлы күн
Нұрымен күннің нұрланып бірге,
Бөленді дала жаңаша түрге.
Шашуын шашып жағалай елге,
Дарысын құтың тағы да жерге.
Қазақы кейіп танытып бүгін,
Күмбірлеп күйің төгілсін тегін.
Сараңдық саған жараспас, сезем,
Көжеге толды тағы да кесем.
Қылтиды қырда қырмызы гүлдер,
Қуанбас бұған жарықтық кімдер.
Қосылды елдің жасына жасы,
Биылғы тойдың тағы да басы.
Тартуы шығар Тәңірдің бізге,
Шырайлы өңнің кіргені жүзге.
Желімен дала желпініп алып,
Жетті ғой Наурыз тағы да бізге.
Күн менен түнім теңесті білем,
Қырқа мен қырат жайнаған кілем.
Молшылық тіле күніңе алда,
Түседі жерге тағы да түрен.
Шолпан Балманова
2-оқушы:-Нұқ Пайғамбардың кемесі Қазығұртқа тоқтағанда Нұқ Пайғамбар қолындағы жем-шөбін-жан-жануарларға, азық-түлігін адамдарға таратып, күн ментүн теңелдң деп той жасаған.Кейін осы дәстүр жалғаспай қалыпты.Наурыз деген азамат Нұқтан кейін үш жүз жылдан соң өмірге келіпті-мыс. «Біздің бабамыз Нұқ Пайғамбаросыдан үш жүз жылдай уақыт бұрын күн мен түн теңелді деп мереке өткізіп еді.Біз неге осы мейрамды қолға алып дамытпаймыз, неге құрметтеп жалғастырмасқа?» деп бар күшін осыған салып, қайтадан тойлатқан екен.Содан бері қазақ халқы Наурыз тойын тойлап келе жатыр дейді.
3-оқушы:-«Ғұндардың Падишасы Наурыз болған күні, яғни күн ментүн теңелген күні таудың басына шығып, ағарып атып келе жатқан ала таңда екі қолын жайып, содан тілек тілейді екен.Тілегін тілеп болып артына қарағанда, қолында қобызы бар абыз «Тоғыз қоңыр» күйін тартады.Осы күй тартылып болған соң, ол үн-түнсіз артына қарайды.Қараса, арнайы дайындалған үш жүз алпыс бес адам мерекенің құрметінеүш жүз алпыс бес күй тартады.Бұл сондағы бір жылды түгелдеп тұрғандары екен.Содан кейін ғана Наурыз тойын тойлауға рұқсат етіледі»,-дейді бір аңызда.
Күй орындалады:
4-оқушы:-Абылай хан да, Тәуке хан да, Төле би мен Қазыбек би де осы Қазығұртта тұрған деседі.Оған Абылайдың сол маңда соғысқан жерлері куә бола алады.Наурыз тойы дәл сол жерде тойланды дей алмаймыз.Бұл таудың аты туралы да таластар көп.Қазығұртты «қас» және «қыр» деген екі сөзден құралған деседі.Біреулер топан судан соң Нұқ пайғамбар сол маңға қазық қаққан дейді бір аңызда.Ахмет Байтұрсынов атамыздың жазбаларында Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған күні күн мен түн теңелген деп көрсетіледі.Үлкен тойдың басы осы күннен бастау алған деседі.
Ән:Наурыз туралы.
5-оқушы:-Наурызда наурыз көже асылады. Бұл дәмнен татқан да татпаған да арманда демекші, Наурыз көже-Наурыз тойын тойлайтын Орта Азия елдерінің қасиетті тағамы.Жеті түрлі дәмді қосып жасағанда, оның маңызын айтып тауыса алмайсың.Оған арпа, тары, бұршақ, бидай, күріш секілді дәнді дақылдар мен ағарған қосылады.
Мұғалім оқушыларымен бірге қосылып жиналғандарға ата-аналар көмегімен дайындалған Наурыз көжесімен қоса жеті күлше нан таратады.
Мұғалім: көрмеге қойылған қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстырып өтеді.
(Сабақ соңында топ оқушылары қазақтың ұлттық ойын түрлерінен көріністер көрсетеді)
ІV.Сабақты қорытындылау.
Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы Гулнур Утегенова
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 34.5 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |