Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары "П дыбысы мен әрпі"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шаймарданова Шынар Сагындыковна
|
Апта
Күні: 28.11.2013.
Сабақ: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы
П дыбысы мен әрпі.
Жалпы мақсаты
П дыбысы мен әрпін және оған қатысты жаңа сөздерді оқып, жазып үйрену. П дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғыну. П әрпінің жазылуын меңгеру.
Күтілетін нәтижелер
А). Дыбыс пен әріпті және п дыбысының дауыссыз екенін ажырата біледі.
В). П әрпінің жазылу емлесін меңгерді.
С). П дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқуды, жазуды ұғынды.
Сабақ түрі
Қайталау сабақ.
Тапсырмалар
Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар.
Керекті жабдықтар
Интербелсенді тақтадағы таныстырылым, дидактикалық материалдар, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен амандасу.
Топқа бөліну.
Психологиялық дайындық.
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Маңыз беріп оқимыз
Сауат ашу сабағын.
Мұғаліммен амандасу.
Топқа бөлінеді.
Тұсаукесер
Өткенді еске түсірсек.
А О Р Л Ш С У/У Ы Д Т М Н ң Ғ Ж І Ә Ө Қ К
Е Б И Й Г З Ұ Ү П
Өткен әріптерді еске түсіріп, қайталау.
-Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
-П қандай дыбыс?
-Неге дауыссыз деп ойлайсыңдар?
«Сиқырлы әріптер мен сөздер әлеміне» саяхатқа шығу.
-П дыбысына қатысты сөздер айтайық?
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (топтық жұмыс)
І топ. «Шашылған әріп»
(л п е ә п і)
ІІ топ. «Артық сөзді тап»
(парта пәтер бала пішін піл пияз)
ІІІ топ. «Орныңды тап»
(па қап по пе доп пі шөп пә)
ІVтоп. «Буындық лото»
(та кі пер тап де пар)
-Өткен сабақта қандай мәтінмен танысып едік?
«Әріптер» өлеңін жатқа сұрау.
Өткен әріптерді еске түсіріп, қайталайды.
-П дыбысымен таныстық.
-П – дауыссыз дыбыс.
-Өйткені, ол созылмайды, кедергіге ұшырайды, қысқа айтылады.
П әрпіне қатысты сөздерді еске сақтау.
П дыбысына қатысты сөздер айтады.
Әр топ тапсырмаларын орындайды.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
«Кітап» мәтінімен таныстық.
Кітап туралы ойларын айтады.
Жатқа айту.
Негізгі бөлім
Жұмбақ шешейік.
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме.
(Кірпі)
Кірпі туралы мағлұмат беру.
Бір кірпіде 7-8 мың ине болады. Қазақстанда кірпінің үш түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Тұрқы 13-27 см, ал салмағы 700-800г. Орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде де мекендейді. Жемін әдетте іңірде және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн шығысымен оянады. Орта есеппен 6 жыл тіршілік етеді.
«Кірпі» мәтінін оқып беру.
Сергіту сәті:
Ұшақпенен ұштық,
Парашютпен түстік.
Паравозбен кеттік,
Астанаға жеттік.
Қабырғада карта,
Сынып толы парта.
Керек енді оқу,
Оқығанды тоқу.
-П әрпінен басталатын сөздер бар ма?
Дәптермен жұмыс.
П әрпінің жазылу элементімен таныстыру:
- тақтада жазып көрсету;
- ауада жаздыру;
Топпен жұмыс.
І топ. П дыбысынан басталатын сөздер жазу.
ІІ топ. П дыбысына аяқталатын сөздер жазу.
ІІІ топ. П дыбысы бар суреттерді жапсыру.
ІVтоп. «Кірпі» мәтінін сахналау.
Жұмбақ шешеді.
Оқушыларға оқыту.
Оқушылар орындайды.
Парашют, паравоз, парта.
П әрпін жазады.
Әр топ тапсырмаларын орындайды.
Қорытынды
Графикалық диктант.
1. П дыбысы - дауыссыз дыбыс. (ия)
2. Кітап сөзі п дыбысынан басталады. (жоқ)
3. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. (ия)
4. Балапан сөзінде үш буын бар. (ия)
. . . . .
Бағалау.
Оқушылар тапсырманы орындайды.
«Смайлик»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 28.47 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |