Сауат ашу
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Бекмулдина Мейрамгул Махсотовна
|
Здесь была ссылка на работу Сауат ашу автора Бекмулдина Мейрамгул Махсотовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Һ«дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларғаҺ таңбасын таныстырып, Һ дыбысы мен әрпі туралы білім беру, сөз ішінен һ әрпін табу, олардың тілдік, сөздік қорларына мән беру мәнін ажырата білу; Дамытушылық: баланың тілін бейнелі тілмен дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін, қиялын дамыту; Тәрбиелік: ойындарды пайдаланып оқушыларды еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, Көрнекілігі: сюжетті суреттер, сызбалар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі: - Балалар, бізге бүгін Қожанасыр аталарымыз қонаққа келді. Оның сіздерге арнап әкелген «Сыр сандығы» бар екен. Сол сандықты ашу үшін мына екі тапсырманы орындасақ сандықтың сыры ашылады. Ендеше, тапсырманы орындайық. - Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен танысып едік? - «Сыр сандықтың» бірінші тапсырмасы: алдарыңа үлестіріліп берілген суреттерге мұқият қарап, атауында һ дыбысы бар бар суреттерді белгілеу керек. - «Сыр сандықтың» екінші тапсырмасы: берілген суреттерді атап, атауында «п» мен «б» дыбыстары бар суреттерді тиісті әріптер тұсына жинау керек. - Жарайсыңдар, балалар. «Сыр сандықтың» сыры ашылды. Сандықта бүгінгі біз танысатын жаңа дыбыс, жаңа әріп бар екен. Олай болса тақтаға көңіл аударайық. II. Жаңа сабақ. - Қазақтың көне жерінде, Айдаһар өмір сүріпті. Патша боп көп жыл тұрыпты, Күшсізді талай жалмапты, Тіссізді талай қандапты... - Өлең не жайында? - Өлең айдаһар жайында. - Осы өлеңдегі сөздің ішіндегі бізге таныс емес дыбысты табайық. - Ол «һ» дыбысы. Бірге айтайық. - Һ – Һ – Һ - Һ дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстар қай үйде тұрады? - Дұрыс. Әрине, дауыссыз дыбыстар көк үйде тұрады. III. Тақтамен жұмыс. - Кәне, балалар, тақтаға қарайық. Талдан иген ағаш ап, -Жүйрік болсын балам,-деп «һ»-ға ұқсаған көмекші – ат, Жасап берді Адамбек. - Орындыққа қарайық, Ұқсайды екен қай әріп? - Ізетті қыз Гүлімжан: -Отырған,-деп нұсқайды. Орындығы ұсынған, «һ» әрпіне ұқсайды. IV. Сөздік жұмысы. - Ендеше, «Һ» дыбысы бар сөздерді мұқият тыңдап, есімізге сақтайық. - Айдаһармен алысқан Талай-талай қаһарман. Жеңіспенен табысқан, Шыққан осы шаһардан. - Баһадүр, қаһарман, шаһар, гауһар, айдаһар, жиһаз, жиһан. - Мына сөздерге алдымыздағы текшелер арқылы дыбыстық талдау жасайық. V. Дәптермен жұмыс. - Қазақ тілінде «һ» дыбысынан басталатын сөз болмағандықтан, «һ» әрпінің бас әрпі жоқ. - Ендеше «һ» дыбысының таңбасымен танысамыз. - Үлкен жолдың ортасынан қаламымызды қойып, астыңғы сызыққа дейін түзу түсіріп, сол сызықты бастыра қайта жоғары көтереміз де, оңға қарай бұра үстіңгі сызыққа тигізе доға сызамыз да төмен түсіреміз. - Алдымен ауада жазып көрелік. - Енді, дәптерімізді ашып «һ» әрпін жазайық. VI. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. VII. Сергіту сәті. «Буын жоғалттым» ойны. - Алдымыздағы тапсырма бойынша жоғалтқан бундарды тауып, алдыңғы буынды толықтырып жазайық. VIII. Шығармашылық жұмыс. - Алдарыңызға берілген гауһар тасты құрастырып, желіммен жапсырмалаймыз. IX. Сабақты қорытындылау. - Алдымыздағы мына суретке мұқият қарап, атауында «һ» дыбысы бар сөздерді белгілейміз. - Кітап, жиһаз, айдаһар, гаухар. X. Бағалау, мадақтау. - Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, бәріңде жарайсыңдар. Мұғалімнің айтқанын, Мықтап миға тоқимыз. Бар ынтамен тыңдасақ, Кілең «5»-ке оқимыз. - Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
5.8 Mb
|
Количество скачиваний:
|
18
|
Просмотров: 276
Похожие материалы